Іс-шаралар

2013-2014 оқу жылдарының арасында кафедраның барлық 1курс студенттерінің, жоғары курс студенттерінің, оқытушылар және докторанттар қатысуымен келесі мәдени шаралар өткізілді:

1. "Студенттер қатарына қабылдау салтанатты" – алғашқы оқу жылында бейорганикалық химия кафедрасының студенттері болатын 1 курс студенттері үшін (жауапты: аға куратор-эдвайзер Бейсембаева Л.К., куратор-эдвайзерлер).

2. Ашық есіктер күні – қаланың барлық оқушыларына. Кафедра оқытукшылары мен студенттері оқушыларды ең алдымен факультет және кафедра тарихымен таныстырды. Кафедра студенттері оқушыларға факультеттегі оқуымен және кафедрадағы ғылыми жұмысымен таныстырды. Бұған дейін, кафедра студенттері қала мектептерін аралап, химия факультеті жайлы баяндап, химиялық викториналар жүргізді, эксперименттер көрсетті, мамандандаруға бағытталған жұмыстар жүргізді. (№ 161, 106; 159,147, РФМОМИ және басқа мектептер).

3. Сенбіліктер

Студенттер оқытушылар басшылығымен химия факультетінде ұйымдастырған барлық сенбіліктерге белсене қатысты.

4. Жатақхана және студенттердің өмірі

Куратор-оқытушылар химия факультетінің жатақханасында кезекшіліктер жасап, онда консультациялар, әңгімелер, талқылаулар, кураторлық сағаттар жүргізіп отырды. Студенттердің өмірімен танысып, жатақханада тұру нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылады.

ҚазКСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, х.ғ.д, профессор Б.А.Бірімжановтың туғанына 100 жыл толуына орай, 2011 жылы 3 желтоқсанда сағ 1000-де, 221аудиторияда ғалымның алғашқы аспиранты х.ғ.д, профессор Н.Нұрахметовтың қатынасуымен және х.ғ.к, аға оқытушы куратор – эдвайзер Н.С. Далабаеваның ұйымдастыруымен «Химия білім» мамандығының 205-топ студенттері арасында, «Ұстаз туралы естелік» атты ашық-куратор сағаты өткізілді. Кеште Б.А.Бірімжановтың ата-тегі, туған жері, балалық шағынан бастап, еңбек жолындағы жеткен жетістіктерінен естеліктер айтылып, ұстазға арналған ән шырқалды. Кештің соңында 205-топ студенті Еламанова Арайлым өз шығармашылығынан «Батырбек Ахметұлы Бірімжановқа арнау» атты өлең оқыды.

Химия және химиялық технологиялар факультетінің дәріс залында 2011 жылдың 27 қазанында сағат 1600-де «5В011200- Химия» мамандығы бойынша оқитын 203 және 204 топтың куратор-эдвайзері, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Тугелбаева Л.М.-ның факультет деңгейінде«Тәуелсіз Қазақстан – бірлік пен ынтымақ бесігі»атты ашық куратор сағаты кеш түрінде өткізілді. Бұл кеш Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Кеште кеңформатты экранда желтоқсан оқиғасына арналған слайд көрсетіліп, студенттердің орындауында белгілі қазақ ақындарының өлеңдері оқылып, әндері шырқалды, сонымен қатар мың бұралған билер де орындалды. Шақырылған қонақтардың ішінде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Қ.Есқалиева, басқа кафедралардың оқытушылары және студенттер болды.