Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

Іс шара атауы

Күні

Іс шара туралы

Фото

Қазақ Ұлттық Университеті Наурыз мейрамын атап өтті

21.04.2018 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Наурыз мейрамы атап өтілді. Механика-математика факультеті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Үздік Киіз Үй" байқауында III орынға ие болғаны үшін марапатталды.

МКМ студенттерінің Есік көліне серуені

15.04.2018 Сəуірдің 15 күні МКМ 17-1 тобының эдвайзері Заманова С.К. өз тобымен Есік көліне серуенге шықты. Студенттік шақтың есте қаларлық сəттерінің бірі болды. Табиғат аясында ас дайындап, əртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, уақытты жақсы өткізді.

КВН команда жүлделі орынға ие болды

06.04.2018 2018 жылғы 6 сәуірде У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында SSP жобасы бойынша КВН механика-математика факультеті мен Химия және химиялық технологиялар факультетінің құрама командасы 200 000 (мың) теңгеге сертификат алды. МКМ кафедрасынан белсенділік танытқан студенттер деканы Кылышбай Алуа @alua_kylyshbay, сондай-ақ 3 курс студенттері Мусина Камила және Шопан Анара @_anarakam_, 4 курс студенті Мақсат Аскар @аскар_максат және басқа да студенттер үлкен қолдау көрсетті.

"Əз-Наурыз" іс - шарасы

20.03.2018 2018 жылдың 20 наурызында "Керемет" студенттер орталығында "Əз-Наурыз" іс - шарасы өтті. Аталған іс-шараға университет ректоры қатысып, əр ауылға қонақ болды. Келген қонақтарға наурыз көже, бауырсақ жəне басқа да тағамдар ұсынылды. Наурыз мерекесіне арналған концерт болды. Студенттер алтыбақан теуіп көңіл көтерді.

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жыл сайынғы «Студенттік көктем» байқауы өтті

15.03.2018

2018 жылдың 15 наурызы Ұ.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жыл сайынғы «Студенттік көктем» байқауы өтті.
Музыкалық жанрда биылғы жылы «Ел жүрегi - Астана» тақырыбын жариялау қажет болды.
Механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік үлгілеу мамандығының студенттері оның ішінде студенттік деканы Қылышбай Алуа, Жали Гульназ, Зиналатдинов Исламбек,  Сұлтан Бекзат, Мейрагалиева Ляззат, Шопан Анар и Мусина Камила, Бисолтанова Жуказын конкурстың ұйымдастырылуына ерекше үлес қосты.

Халықаралық әйелдер күні

07.03.2018 МКМ мамандығының 2 курс студенттері қыздарды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекенің құрметіне ән шырқады, қызықты ойындар қойды.

«Студенттік көктем» атты жыл сайынғы байқау

27.02.2018 2018 жылдың 27 ақпанында механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Д.Б. және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тукеев У.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің факультеттері арасында «Студенттік көктем» атты жыл сайынғы байқауына белсене қатысқан Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының студенті Кенжекулова Мөлдір факультеттің дамуына қосқан үлесі үшін сертификат алды.

Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне байланысты «Ғасыр ақыны» атты кураторлық ашық сабақ

17.02.2018 2018 жылдың ақпан айының 17 жұлдызында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 1 курс студенттерінің қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне байланысты «Ғасыр ақыны» атты кураторлық ашық сабақ өтті, куратор-эдвайзер Қарымсақова Н.Т. Ашық сабақ мақсаты студенттерге өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Қапшағай қаласының №3 орта мектебінің оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысы

16.02.2018 2018 жылдың 16 Ақпан күні Қапшағай қаласының №3 орта мектебінің оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілді. Кәсіптік бағдар жұмысы МКМ мамандығының екінші курс докторантымен жүргізілді.

"Қызыққа толы мех-мат" атты сайыс

 

15.02.2018 15.02.2017 , сағат 17:00 де Механика-математика факультетінің сары залында "Қызыққа толы мех-мат" атты сайыс өтті. Информатика, Математика, Механика, МКМ мамандығынан 4 топ қатысып, Математика мамандығының  студенттері І орын, МКМ студенттері ІІ орын, Информатика студенттері ІІІ орынға ие болды. Жанкүйерлер арасында да сайыс жүргізіліп, жеңімпаздарға кішігірім сыйлық берілді.

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында қарттар үйінде концерт қойылды

14.02.2018 14.02.2018 күні механика-математика факультетінің МКМ кафедрасының  аға эдвайзері Абдрахманова Н.Т. мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Абай мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан қарттар үйінде концерт қойылды. Концертте тек студенттер емес қарияларымыз да өз өнерлерін ортаға салды. МКМ кафедрасының оқытушылары мен студенттері қайырымдылық шарасына қаржы жинап, қарттар үйіне кішігірім сыйлық жасады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп, ежелден үлкендерді силап өскен халықпыз. Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсатының бірі – студенттерді әдептілікке, ата-ана борышын  ақтауға, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Жас оқытушылар мектебінің кезекті семинары

12.01.2018

2018 жылдың 12 қаңтар күні механика-математика факультетінде университеттің жас педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жас оқытушылар мектебінің кезекті семинары өткізілді. Семинарда келесі тақырыптарға баяндама жасалды:

14.00-14.45. Хакимова Т.Х. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытудың педагогикалық әдістері.

14.45-15.30 Бөрібаев Б.Б. «Программалау пәндерінен зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелері».

15.30-16.15 Алимжанова Л.М. Оқу үрдісінде жобалық-бағдарланған әдістер арқылы құзыреттілікті қалыптастыру.

16.15-17.00 Каруна О.Л. «Сапалы білім - табысты болашақтың кілті».

17.00-17.45 Абдуахитова Г.Е. Студенттердің білімін ұйымдастыру және бағалау.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы ашық кураторлық сағат

20.11.2017

2017 жылдың 20 қарашасында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 1 курс студенттері үшін «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді, куратор-эдвайзер – Заманова С.К. Бағдарламаның мақсаты әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білу.

Кураторлық сағат келесі сұрақтарды қамтыды:

 1. Латын әліпбиіне көшу жайлы 

 2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Өзекті мәселелер бойынша пікірталас» тақырыбындағы ашық кураторлық сағат

17.11.2017

2017 жылдың 17 қарашасында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 2 курс студенттері үшін (ағылшын тобы) ашық кураторлық сағат өткізілді, «Өзекті мәселелер бойынша пікірталас» тақырыбында баяндама жасалды, куратор-эдвайзер – PhD Моисеева Е.С.

Пікірсайыстар келесі сұрақтарды қамтыды:

1. «Математикалық модельдеу» немесе «компьютерлік модельдеу», қай бағытты таңдаған жөн?

2. Күндізгі ұйқы – пайдалы ма әлде жоқ па?

«Айналаңды нұрландыр» — «Бұл не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны

27.10.2017

Механика-математика факультетінің бірінші курс магистранттарына арналған «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша эдвайзерлық сағат өткізілді. «Бұл не? Қайда? Қашан?»  - математика, физика, сондай-ақ әдебиет, тарих салаларын қамтитын интеллектуалды ойын. Миға шабуылдау әдісін қолданып, алты ойыншы - «сарапшылар» командасы - бір минут ішінде көрермендердің кез келген сұрағына дұрыс жауап іздейді. Бірінші алты ұпайға ие болған команда жеңіске жетеді. Ойын қызықты әрі пайдалы болды, 120 минуттың тез өтіп кеткені де байқалмады.

Эдвайзер сағатын Абдибеков С.У. мен Байтуреева А.Р өткізді.

 «Айналаңды нұрландыр» жобасы  06.03.2017ж.  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында МКМ мамандығының эдвайзерлері Абдрахманова Н.Т., Байтелиева А.А., Абдыкарим М.Б.-ның ұйымдастыруымен №2 балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Lumiera Cinema» кинотеатрына және «Бастау» боулинг орталығына алып барды. Аталған іс-шараға МКМ мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері белсене ат салысты.
«Төрлет, Жаңа жыл»  27.12.2016ж.  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, МКМ кафедрасының ұйымдастыруымен «Төрлет, Жаңа жыл» атты студенттердің жаңа жылы өтті.  

«Құрбан айт-Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі»

 

03.10.2014

МКМ-13-1а тобының қатысуымен кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта мұсылман мерекесімен толығырақ танысу.

 

 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

26.11.2014

МКМ-13-1а тобының қатысуыменҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылау әрі түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

 

Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан

 

09.12.2014

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты куратолық сағат өтті.

 

 

 

 

 

"IQ DODA"

 

09.04.2015

Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының ұйымдастыруымен "Айналанды нұрландыр" жобасы аясында "IQ DODA" атты интеллектуалды дода өткізілді.