Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

Іс-шара атауы

 

Күні

Сипаттамасы

 Халықаралық олимпиадалар, форумдар  2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Тіл-халық жанын танудың кілті" тақырыбындаөткізілген фестиваль

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жүз кітап» бағдарламасы аясында «Абай қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

2018 жылғы 20 қыркүйек
Өтетін орны: 419 аудит. Уақыты: сағат 14.00.
Ұйымдастырушылар: Биотехнология кафедрасының куратор-редакторлары: Шокатаева Д.Х., Айсынова Д.Е.

 

 

 

 

 

 

 

30 қараша 2017 ж.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд., өткізу уақыты: 17.00 сағ. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

2018 жылдың 20 қыркүйегінде биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының «5B070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері мен кураторларының қатысуымен  "Тілдер күніне" арналған іс-шара өткізілді. Шараға биотехнология кафедрасының 1-4 курс студенттері, кафедра меңгерушісі және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Кистаубаева Аида Серикқызы бастамасымен, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы сөйлеген баяндамасында тілдерді білу қажеттілігі туралы айтты. Әр курстың студенттері тікелей эфирде сөйледі. Студенттер бұл іс-шараға қызығушылық танытты, бұл сауалдар түрінде кері байланыста көрінді. Студенттер тілдерді білудің құндылығымен толық танысқан. Бұл іс-шара көптеген оқушыларға тілдерді үйренуге ынталандырады деп үміттенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30 қараша 2017 ж.  сағат 17.30 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Жүз кітап» бағдарламасы аясында «Абай қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері» тақырыбында мәдени іс - шара ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: студенттердің патриоттық рухын көтеру, еліне - жеріне деген махаббатын арттыру, қазақ халқының ақын -жазушыларымен жақын танысу.

Дөңгелек үстел барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының  1-3 курс студенттері: "100 кітап" тізімімен танысып,  Абай Құнанбайұлының еңбегі мен өмірбаянын еске түсірді. Абай Құнанбайұлының еңбектерін қайталап, қара сөздерімен шығармаларынан үзінді оқыды. Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентациялар мен бейне роликтерді көпшілік назарына салды.

 «Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін  толықтыратын  ұғымдар. Осы үш бастауға  Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

 

 

«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында  өткізген дискуссия

23 қараша 2017 ж.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жатақхана - 7,  өткізілетін уақыт: 16:00 сағ.

23 қараша 2017 ж.  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында дискуссиялық алаң  ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: диалогтық алаңда студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу, жастардың ЖИТС жұқтыру жолдары, яғни зиянды әдеттерге бой алдырмайтын,  өз денсаулықтарына аса  жауапкершілікпен қарайтын тұлғалардың моралдық және рухани қасиеттерін тәрбиелеу.

Диалогтық алаңда студенттер  Дүниежүзілік ЖИТБ - ге қарсы күрес күніне орай  «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында танымдық әңгіме өткізді.

Дискуссия барысында студенттер тақырыптың өзектілігі мен мәнін ашатын қызықты презентациялар жасады, онда бүгінгі таңдағы қоғамдағы аса қауіпті мәселелердің  бірі  ЖИТБ-нің таралуы туралы сөз қозғалды. Баяндамалар барысында студенттер АИВ/ЖИТС өзара ерекшеліктерін, АИВ инфекциясының диагностикасы, ЖИТС жұқтыру жолдары және профилактикасы туралы жан жақты ақпараттармен танысты. Әңгіме соңында студенттерге «ЖИТС қорғанудың қарапайым ережелері» туралы бейне материал көрсетілді. Өткізілген іс – шара қорытындысында студенттерді өз денсаулығына  және айналасындағыларға деген қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үшін   аса жауапкершілікпен әрі саналы түрде қарауға шақырды.

     
     
3  мамыр 2017 жылы сағат 9:00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Өсімдіктердің клеткалары мен ұлпаларының каллустық, морфогенетикалық және регенерациялық белсенділігін зерттеу» тақырыбында ғылыми конференция ұйымастырды.   Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2 зал.,  өткізу уақыты: 9:00.  

Конференцияның мақсаты мен міндеттері: «Өсімдіктер биотехнология негіздері» курсын оқу барысында орындаған ғылыми жобаларының нәтижелерін көпшілік алдында талқылау. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу танымдық, творчестволық қабілеттерін ашу көзделген.

Конференция барысында студенттер өсімдіктер биотехнологиясы саласы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ, өсімдік ұлпалары мен клеткаларын in vitro жағдайында өсіру бойынша ғылыми - зерттеу жобаларын жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, тиісті теориялық тұрғыдан қорытындылар мен тұжырымдар жасаудыды толық игергендіктерін көрсетті. Осының айғағы ретінде, өткізілген конференцияда студенттер өздерінің және әріптестерінің жасаған ғылыми жобалары бойынша алынған қорытынды нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді талқыға салды, ортаға тасталған мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып  табуға тырысты, әрі өзара тәжірибелермен алмасты.

Конференция 2 сатылы (топ ішілік, топ аралық) өткізілді. Конференцияда студенттер зерттеу барысында алған нәтижелерін  көпшілік алдында талқыға салып, өз жобаларын жоғары дәрежеде қорғады. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан 4 топ тиісті дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Дипдомдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

 

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

Абай А., Мусиров Б., Тоқтырова Д., Шәріпбек А.

БТ 15-04  

«3 G»

I- ші дәрежелі диплом

2

Байсерік А., Бекбосын А., Ғалижанова А., Ділдабаева А.

БТ15-02

«Biotech»

II- ші дәрежелі диплом

3

Әбдразақ А., Армис Д., Жайсаңбай Қ., Әбдіхалық А.

БТ15-01

«Жас биотехноло-гтар»

III- ші дәрежелі диплом

4

Мусабаева Г., Әлімжан Ә., Нарынбай А., Нуриев Ш.

БТ15-06

«Регенерант»

грамота

5

Тоқанова А., Тұрсынова Ж., Ниязбек А., Селмұхан А.

БТ15-07

«In vitro»

грамота

 


 


«Қызылша ауруы және олардың алдын алу жолдары»
01.03.2016ж 19.00

Барлық студентерге 03. 2015 ж сағат 19.00-де биология және биотехнология факультетінің №7 жатақханасының салтанат залында «Салауатты өмір салты» жобасы аясында дәрігер эпидемиолог АҚСӨСҚО А.А. Заурбекованың қатысуымен жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алуы туралы семинар тренинг өткізіледі.


Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс» атты мереке
26.02.2016ж 14.00

Биология және биотехнология факультетінде БАЗ 3-те Ұлы жеңістің 70 жылдығынаарналған «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс»аттымерекелік іс-шара өтеді.


Отбасы – өмірдің мәні
25.11.2016

Кеш барысында үлгі ретінде биология ғылымдарының докторы, профессор Жұбанова А.А.отбасысы талқыланды

 


Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне
04.12.2015

 

Конценрттік бағдарлама барысында ұстаздар мен студенттер жиналған қауымды Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтады