Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы


Әлеуметтік даму жөніндегі проректор,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор

Қабылдау тел.: +7(727)377-33-82

Қабылдау күні:  Сәрсенбі, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

E-mail: Sholpan.Jamanbalayeva@kaznu.kz

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және социология факультетін үздік тәмәмдаған. 1996 жылы ғылым кандидаты, ал 2003 жылы ғылым докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғады.

1993 жылдан 2003 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ассисент, аға оқытушы, социология кафедрасының доценті, философия және социология факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2003 жылдан 2008 жылға дейін М.Тынышпаев атындағы ҚазККА-да тәрбие және қоғаммен байланыс жұмысы жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

2008 жылдың желтоқсан айынан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тіл және тәрбие жұмыс жөніндегі проректоры, 2011 жылдың шілде айынан әлеуметтік даму жөніндегі проректор. 

«Астанаға 10 жыл» медалімен (2008 ж.), ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен (2007 ж.), ҚР Білім және ғылым министірлігінің құрметті грамоталарымен (2007, 2006, 1997) марапатталған. Қазақстан социологтар қауымдастығының талантты жас ғалым-социологтарға арналған сыйлығының тұңғыш иегері (2002 ж).