Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы "Қазіргі қытай тілінің грамматикасы " атты кітабы шықты

Aталмыш оқу құралында қазіргі қытай тілінің морфология, синтаксис салалары қарастырылған. Сондай-ақ сөзжасам, қазіргі қытай тілі грамматикасының ерекшеліктері, сөз таптары, сөз тіркестері, сөйлем және оның түрлері, сөйлем мүшелері мен сөздердің рет-тәртібі, т.б. баяндалған.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының шетел филологиясы, аударма ісі бойынша білім алып жатқан студенттерге, сонымен қатар магистранттарға және ізденушілер мен қытайтанушы мамандарға арналған.