Қытайтану кафедрасында мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы Алматы қаласындағы мектеп оқушылары арасында қытай тілі олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: Еліміздегі қытай тілін оқып жатқан оқушылардың тіл меңгеру деңгейін көтеру және олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы қаңтардың 25 күні Алматыдағы мектеп оқушыларының арасында қытай тілі олимпиадасын ұйымдастырды. Олимпиада 2011 жылдың 25 қаңтар күні Қаз ҰУ-дың шығыстану факультетінің оқу ғимаратының 503 аудиториясында сағат 10-00-ден 14-00-ге дейін өтті. Қытай тілі олимпиадасына қаламыздағы қытай тілін оқытатын 4 мектеп орнынан қатысты. Өткен жылдардағы ұйымдастырылған қытай тілі олимпиадасына қатысушы үміткерлер саны жылдан-жылға ұлғайып келеді. Олар:

1. №148 мектеп гимназия.

2. №36 мектеп гимназия.

3. №62 мектеп гимназия.

4. №105 мектеп гимназия.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы т.д.,профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы олимпиаданың ашылу салтанатына қатысып, мектеп оқушыларына сәттілік тіледі.

Олимпиаданың құрметті қонағы ретінде студенттердің мансабы мен контингентін қалыптастыру бөлімінен Мадгулов Азамат Ниязбекұлы қатысып, оқушыларға қытай тілін оқуда ұлкен жетістіктерге қол жеткізулерін тілеп, арнайы дайындалған презентациясын көрсетті.


Олимпиаданың әділ өтуіне төрелік ететін қазылар алқасының төрайымы:

Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Батпенова З.С.

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Анипина А.К.

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Керімбаев Е.А.

Сайыстың тәртібі бойынша 1-ші кезеңінде қатысушы үміткерлер қытай тілінің грамматикасы бойынша тест тапсырмаларын орындады.

2-ші кезең: Сол жерде таңдалған тақырып бойынша әңгіме айту.

Қатысушы оқушы әділқазылар алқасы ұсынған тақырыптардың ішінен біреуін таңдап алып, сол жерде 2-3 минут шамасында ауызша әңгіме айтуы тиіс. Қатысушылар шығарма мазмұнына сәйкес қойылған әділқазылар алқасының екі сұрағына жауап беруі тиіс. Әділқазылар алқасы, қатысушы оқушының тақырыпты аша білу қабілетіне, қытай тілінің дыбысталуына, сұрақтарға дұрыс және ұтымды жауап беруіне ұпай қою арқылы олимпиаданың екінші кезеңінің жеңімпазын анықтады. Екінші кезеңнің ұпайы алғашқы кезеңнің, яғни тест тапсырмасының ұпайын үстіне қосып есептеп, үшінші кезеңге өтетін қатысушыларды іріктейді.

3-ші кезеңде қатысушылар қытай тілінде өз өнерлерін көрсетті.


Бірінші орын №62 мектеп гимназияның оқушысы Қиысбек Наргиз

Екінші орын №148 мектеп гимназияның оқушысы Серік Үйлес

Үшінші орын №62 мектеп гимназияның оқушысы Мұратбек Аяжан иеленді.

Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алған оқушылардың мұғалімдерін алғыс хатпен марапатталды. Ал барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

.

Олимпиаданың жауапты ұйымдастырушысы қытайтану кафедрасының оқытушысы Қатбаева Гүлмира Қожахметқызы.