Аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасы

Аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасы

Кафедра тарихы

Аналитикалық химия кафедрасы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінде 1934 ж. ашылды. Ұйымдастырушы және ең бірінші меңгерушісі Михаил Иванович Саенко болды.

Кафедра ұжымы

1939 жылдан 1971 жылға дейін кафедраны Михаил Тихонович Козловский басқарды. Электрохимиктер және аналитиктердің Қазақстандық мектебін құрған, амальгамалық химия мен металлургия мектебенің меңгерушісі ретінде әлемдік ғылыми элитаға кірген атақты ғалым.

М.Т. Козловский

М.Т. Козловский сол кездегі Қазақстандағы аналитикалық химия бойынша дәрістік курстарды ең жақсы оқығандардың бірі болды, ол болашақ мамандар дайындау спецификасын ескере отырып, оқу-методикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздерін қалады.

Атап айтқанда, М.Т. Козловскийдің тікелей қатысуымен кафедра педагогтарының бүкіл ұрпағы тәрбиеленген (О.А. Сонгина, А.И. Зебрева, Е.Ф.Сперанская, Р.З. Вагапова, З.Б. Рождественская, К.Ж. Сағадиева, А.М. Кучербаева, В.П. Гладышев, В.А. Захарова, В.Е. Мерцалова, Р.Н. Матакова, Б.Қ. Тойбаев, Л.М. Филиппова, С.А. Левицкая т.б.). Өмірінің соңына дейін М.Т. Козловский кафедраның ғылыми консультанты болып қала берген.

1971 жылдан 1993 жылға дейін кафедраны М.Т. Козловскийдің шәкірті, дарынды ғалым және дана меңгеруші профессор Александра Ивановна Зебрева басқарды. Өте жақсы әдіскер болған А.И. Зебрева көп күшін және көңілін аналитикалық химияның оқыту әдістемесін жетілдіруге жұмсады. Оқу-әдістемелік құралдарды өңдеуге және оқытушылар шеберлігін жетістіруге ерекше көңіл бөлінді.

А.И. Зебрева

1993 жылдың мамырынан бастап, 1993 жылдың қазанына дейін аналитикалық химия кафедрасын х.ғ.д., профессор Тілеукен Зейникенұлы Ахметов басқарды.

Т.З. Ахметов

1993 жылдан 2009 жылға дейін кафедраны техникалық ғылымдарының докторы, профессор Михаил Қасымұлы Наурызбаев меңгерген. Оның еңбектері ғылыми, мерзімді баспасөзде, халықаралық симпозиумдарда, конгрестерде және конференцияларда кең келтірілген. Профессор М.Қ. Наурызбаевтың басқаруымен 35 кандидаттық және 4 докторлық диссертациялар қорғалды. М.Қ. Наурызбаевтың ғылыми қызметі халықаралық мойындауға иеленді. Ол Американдық химиялық қоғамның мүшесі болып келеді.

М.Қ. Наурызбаев

2009 жылдан бері кафедраның меңгерушісі – химия ғылымдарының докторы, профессор Дүйсек Хайсағалиұлы Қамысбаев. Координациялық қосылыстар, физикалық химия, ерітінділер теориясы саласындағы еңбектерімен кең танымал тұлға. Оның ұстаздығымен 8 ғылыми кандидат дайындалып шығарылды. Жоғарғы мектеп ғылыми академиясының мүше-корреспонденті болып келеді.

1959 ж. аналитикалық химия кафедрасы негізінде ҚР ҰҒА академигі М.Т. Козловскийдің және ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Б.А. Беремжановтың бастамасымен бойынша сирек элементтер химиясы кафедрасы ұйымдастырылған болатын.

Ұйымдастырылған күннен бастап, 1981 ж. бойынша кафедраны Қазақстанда ғылыми-педагогикалық мамандар дайындауға үлкен үлес қосқан ірі ғалым ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қызметкері, Д.И. Менделеев атындағы Жалпыодақтық химиялық қоғамның құрметті мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор Ольга Альфредовна Сонгина, химия ғылымының дамуына, білімге және басқарды. 1981-1995 ж.ж. кафедраны О.А. Сонгинаның шәкірті, химия ғылымдарының докторы, профессор Владимир Андреевич Захаров меңгерді.

О.А. Сонгина

В.А. Захаров

1995 ж. сирек элементтер кафедрасы мен аналитикалық химия кафедрасы сәйкес екі бағдарда мамандар дайындайтын бір кафедраға біріктірілді.

Аналитикалық химия кафедрасында М.Т. Козловскийдің басқаруымен "Амальгамалар химиясы" ғылыми бағыты құрылды, кейін оны өзінің шәкірттері А.И. Зебрева, Е.Ф.Сперанская, В.П. Гладышев дамытты. Бұл бағытқа сынап, амальгамалы және галийлі электродтардағы процестердің кинетикасын зерттеу және элементтерді бөлу және концентрлеу әдістерін өңдеу, тазалығы жоғары заттарды алу және металдардың микромөлшерін анықтау кіреді.

Амальгамалар мен галламмалар теориясы және практикасының дамуында сонымен қатар мәселелік зертхананың оқытушылары және қызметкерлері проф. Р.Н. Матақова, доцент және қызметкерлері К.Ж. Сағадиева, С.А. Левицкая, В.Е. Мерцалова, Л.А. Карпова, Э.С. Омарова, Л.М. Рубан, И.А.Краснова, Н.И. Медведева, Г.А. Тембер, К.И. Гейнрихс үлкен рөл атқарды.

Бұл жұмыстардың практикалық шығымы өндіріске кафедрада жасалған талдау әдістерін және амальгамалы технологияларын, висмут, индий, қорғасын, сүрме және т. б. металдарды бөлу және рафинирлеу әдістерін табысты енгізу болып табылады.

Әр түрлі мақсаттарға арналған құймалар және металдар қаптамаларын алу мақсатында амальгамды және қатты электродтардағы электродты үрдістердің кинетикасына беттік активті заттардың әсерін зерттеу бойынша профессор М.Қ. Наурызбаевтың басқаруымен кафедра және мәселелі зертханадағы жұмыстар кеңінен дамыды (х.ғ.д., профессорлар А.Д. Ақбасова, Д.К. Мендалиева, А.П. Нилов, В.В. Могильный және ғылым кандидаттары Б.Б. Демеев, М.М. Ибраев, В.П. Дзекунов, А.С. Хабиев). Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Балқаш және Жезқазған тауметаллургиялық комбинаттарындағы мысты рафинирлеудің технологиялық үрдістеріне, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатындағы мырыш электроэкстракциясына енгізілген.

Профессор Т.З. Ахметова және доцент Б.Д. Бүркітбаеваның ғылыми тобы коррозияның тиімді тежегіштерін жасау бойынша зерттеулермен айналысады. Ортаның коррозиялық әсерінен әр түрлі материалдарды және құрылғыларды қорғау саласындағы зерттеулер металдар мен қондырғыларды қорғауға, аппараттар мен құрылғылардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Зымыран-ғарыштық әрекеттің әсеріне ұшыраған қоршаған ортаны химиялық бақылау бойынша Орталық Қазақстанның экологиясы саласына профессор А.И. Зебрева және М.Қ. Наурызбаевтың басқаруымен кафедра қызметкерлері (х.ғ.д. С.Е. Батырбекова, х.ғ.к. М.Ш. Жамбұлова, х.ғ.к. Е.В. Злобина, х.ғ.к. Х.С. Тасибеков, х.ғ.к. Б.Н. Кеңесов және т.б.) үлкен үлес қосты. Металдарды бөлу және концентрлеудің жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі түсті және сирек металдардың экстракциясымен табысты айналысатын ғылыми топты құруға итермеледі. Кафедрада құрамында сирек және шашыраңқы элементтер бар табиғи және өндірістік объектілер анализінің экспресті әдістемелерін құру бойынша жұмыстар жасалынады (проф. А.И. Зебрева, х.ғ.д. Н.Н. Андреева).

Соңғы жылдары кафедраға жаңа жас оқытушыларының ағыны төгілді - Е.В. Злобина, Н.Д. Долгова, С.А. Ефремов, А.М. Куванчева, А.Г. Исмаилова, Х.С. Тасибеков, Л.К.Кудреева, Б.Н. Кеңесов, А.С. Төлегенов.

Кафедраның бес оқытушысы мен қызметкерлері 02.00.02-аналитикалық химия және 02.00.05-электрохимия мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Кеңестің мүшелері болып келеді. Қазіргі кезде аспирантура және PhD доктарантурада кафедраның 7 түлегі оқиды, бірнеше оқытушылар докторлық диссертациямен жұмыс істеп жатыр.

1994 ж. ҚазҰУ химиялық факультетінің бірқатар кафедраларының қатарында Физико-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы (ФХЗТО) ашылды, онда мұнай, дәрілік препараттардың анализі, электрохимиялық, масс-спектральды оптикалық және т.б. анализ әдістерінің аккредитацияланған зертханалары табысты жұмыс жасайды. ФХЗТО мамандары тамақ өнімдерінің, қоршаған орта объектілерінің кезкелген деңгейіндегі күрделі анализдер орындайды, сонымен қатар әр түрлі өнімнің сертификациялық сынақтарын жүргізеді.

Аналитикалық химия кафедрасында маманданатын студенттердің ФХЗТО зертханалары жабдықталған әмбебеп қондырғыларда жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Кафедрада Қазақстан ЖОО-ның ішіндегі ең жақсы жабдықталған аналитикалық база бар.

Қазақстанның аналитикалық қызметтерінің дамуы және координация перспективаларының қазіргі заманға сай күйін талдау үшін ҚазҰУ ФХЗТО базасында аналитикалық химия және экологиялық мәселелер бойынша бес Халықаралық конференциялар ұйымдастырылды (1995, 1998, 2001, 2003, 2007 ж.ж.).

«Орталық Азияның экоаналитикасы» Халықаралық конференция, 2007 ж.

Кафедраның ғылыми бағыттары

  • көпкомпонентті жүйеде түсті және сирек металдар қатысуындағы электродтық үрдістердің іргелі зерттеулері,
  • химиялық ток көздері,
  • коррозия процестерін зерттеу,
  • зымыран-ғарыштық әрекет әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасы аймақтарының экологиялық мониторингі,
  • Қазақстанның минералды және өсімдік шикізатынан жасалған заттарды және материалдарды анализдеудің және алудың жаңа әдістерін жасау,
  • тағайындалған қасиеттері бар жаңа композициялық материалдарды жасаудың ғылыми негіздерін жасау,
  • сирек және асыл металдарды концентрлеу, шығарып алу және бөлудің экстракциялық және сорбциялық әдістері,
  • әр түрлі өндіріс саласының, ауыл шаруашылығының өнімдерін және қоршаған орта объектілерін жүйелі аналитикалық бақылауын (сертификация) жаса

Кафедраның ғылыми жетістіктері

Кафедра жоғары білікті мамандар дайындау бойынша жұмысты белсенді жүргізеді. Кафедраның өмір сүру бойы 15 докторлық диссертация (А.И. Зебрева, Е.Ф.Сперанская, В.А. Захаров, Х.Қ. Оспанов, В.П. Гладышев, Е.А. Мәмбетказиев, Р:Н. Матакова, М.Қ. Наурызбаев, А.Д. Ақбасова, Д.К. Меңдалиева, Т.З. Ахметов, Н.Н. Андреева, А.М. Шалдыбаева, А.П. Нилов, С.С. Досмағамбетова, С.Е. Батырбекова) және 170-тен аса кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Әр жылдары ең жақсы студенттік жұмыстардың Жалпы Кеңестік байқауларда жеңімпаз болған және СССР ҒА және ҚазССР медальдарымен кафедра студенттері Г.А. Тембер, А.Д. Ақбасова, Л. Дягилева, Е.В. Злобина марапатталды.

2005 ж. М.Қ. Наурызбаев, Э.Р. Ишкенов, В.А. Световқа "Қазақстанның жоғары технологиялық өнімдердің әлемдік нарығы - тұрақты изотоптар нарығына шығуын қамтамасыз еткен ғылыми-технологиялық және ақпараттық-аналитикалық жұмыстардың комплексі" атты жұмысы үшін ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары М.Қ. Наурызбаев, Э.Р. Ишкенов, В.А. Светов

Кафедра қызметкерлері ҚР ғылымы мен техникасының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар және қызметкерлер үшін (Наурызбаев М.Қ.), талантты жас ғалымдар үшін (Тұрғамбеков Е.М., Нечипуренко С.В., Ефремов С.А., Долгова Н.Д., Куванчева А.М., Кенжеханова Ж.Т., Малахова О.В., Кеңесов Б.Н., Тасибеков Х.С.) Мемлекеттік ғылыми степендияларға ие болды, жас ғалымдар үшін Д.А. Қонаев атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Тасибеков Х.С., Кеңесов Б.Н., Курбанова А.Б., Соколов А.Ю., Нечипуренко С.В., Байжұманова А.Т., Куванчева А.М., Кудреева Л.К., Төлегенов А.С., Еуропалық бірлестік стипендия иегері Тасибеков Х.С., "Экология және ғарыш" Росавиакосмос стипендиясына Кенесов Б.Н., Тасибеков Х.С. лайықтанды.

Кафедра оқытушыларымен шығарылған оқулықтар, монографиялар, әдістемелік және анықтамалық құралдар

Кафедраның өмір сүру уақытында оның қызметкерлері 20-дан артық монография шығарды, олардың ішінде келесілерін атап өтуге болады:

  • - М.Т. Козловский Анализдің электрохимиялық әдістеріндегі сынап және амальгамалар, 1956;
  • - О.А. Сонгина Сирек металдар.- М.: Металлургия, 1951, 1955 және 1964; 1958 ж. кітап қытай тіліне аударылған;
  • - О.А. Сонгина минералды шикізат анализіндегі амперометрлік титрлеу - оқулық.- М.: Жоғарғы мектеп, (1957, 1967, 1979), 1972 ж. кітап поляк тіліне аударылған;
  • - М.Т. Козловский, А.И. Зебрева, В.П. Гладышев Амальгамалар және олардың қолданылуы - оқулық.- Алма-ата: Наука, 1971;
  • - М.Т. Козловский Таңдамалы еңбектер, I, II том (1974);
  • - И.К. Брикун, М.Т. Козловский, Л.В. Никитина Гидразин және гидроксиламин, олардың аналитикалық химиядағы қолданылуы, 1967;
  • - В.П. Гладышев, С.А. Левицкая, Л.М. Филлипова Элементтердің аналитикалық химиясы. Сынап (1974);
  • - А.И. Зебрева, В.П. Гладышев, А.П. Нилов "Полягрофиядағы жаңа әдістер" (1977);
  • - О.А. Сонгина, В.А. Захаров Амперометрлік титрлеу.- М.: Химия, 1979;
  • - Е.Ф. Сперанская Рений электрохимиясы ();
  • - Е.Ф. Сперанская Ренийді анықтаудың кинетикалық әдістері ();
  • - Н.С. Шарипова Сирек элементтердің сапалық анализі. - Алма-Ата: Қазақстан, 1973, 1999 ж. кітап қазақ тіліне аударылған;
  • - Р.Н. Матакова, М.К Наурызбаев Аналитикалық химияның теориялық негіздері - оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2006.

Кафедра қызметкерлері 100-ден артық оқу-әдістемелік құралдарын басып шығарды.

Кафедраның өмір сүру уақытында 2500 мақала жарық көрді, өнертабысына және патентіне 200-ден артық авторлық куәліктер алынды, өндіріске және оқу процесіне 170-тен артық ғылыми өңдеулер енгізілді.

Кафедра оқытушылары келесі пәндер бойынша типтік бағдарламалардың авторлары болып келеді: "Аналитикалық химия", "Химиядағы философиялық мәселелер", "Мұнай және мұнай өнімдері сапасының экспертизасы", "Қазіргі заманғы жаратылыс танудың концепциясы", "Химия".

Ең белгілі түлектер

Кафедраның аспирант-түлектері және ізденушілерінің бір қатары ғылым доктарлары атағын алды және Республиканың ғылым және білім саласындағы жетекшілері болды: Е.А. Мәмбетказиев, А.А. Жәрменов, В.В. Малахов, Р.Г. Сармұрзина, Т.З. Ахметов, А.К. Төлебаев, В.В. Могильный, Г.В. Макаров, В.Н. Рунтов, А.П. Нилов, М.М. Ибраев, В.П. Дзекунов.

Кафедраның қазіргі дамуының ерекшелігі ұйымның жеткілікті жоғары деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы химико-аналитикалық қондырғыларды қолдануы болып табылады.

Кафедра түлектері ғылыми-зерттеу зертханаларына, кәсіпорындарда сапа қызметінде жұмысқа орналасады, криминалистика және сот-медициналық эеспертиза зертханаларында, тамақ өнеркәсібінде, ауылшаруашылығында және фармакологияда жұмыс істейді.

Бүгінде аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасы - бұл тек қана ғылыми дәрежесі және үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар ғана емес, сонымен қатар пікірлес, зейінді және ықыласты адамдардың ұжымы.