РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚЫТАЙ ТІЛІ САЙЫСЫ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен Конфуций Институтының ұйымдастыруымен өтетін Республикамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған Республикалық қытай тілі олимпиадасы

Еліміздегі қытай тілін оқып үйреніп жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, сонымен қатар қытай тілін оқытып жатқан оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы және Конфуций Институтының ұйымдастыруымен 2011 жылдың 30 наурыз күні еліміздегі жоғарғы оқу орындары арасында еліміздің 20 жылдық мерейтойына арналған қытай тілінен Республикалық олимпиада өтеді.

Сайысқа еліміздегі жоғарғы оқу орындарында қытай тілін оқып үйреніп жатқан 3-4 курс студенттері қатыса алады. Сайыс 2 кезеңнен тұрады:

Қытай тілін оқытатын жоғарғы оқу орындары өз ішінде сайыс өткізу арқылы осы сайысқа қатысушыларды анықтауы тиіс (10 наурызға дейін). Осы сайысқа қатысуға ниет білдірген үміткер наурыздың 20-на дейін ұйымдастыру комитетіне өтініш беруі керек. Әр оқу орынынан 2-3 үміткер қатысуына болады.

Ескерту: Қытайдан келген қандастарымыз олимпиадаға қатысуға жіберілмейді.

1- ші кезең: Қытай тілі грамматикасы бойынша тест жазу және аударма жасау .

Грамматикалық тест «Қытай тілі қабілетін анықтау емтиханының» (HSK) 5 деңгейіне негізделген. Тесті Конфуций Институтының оқытушылары құрастырған. Тестің конвертке салынған 3 нұсқасының біреуі сол жерде қатысушылар мен қазылар алқасының қадағалауымен таңдалып алынып ашылады. Жәнеде сол жерде берілген қазақ немесе орыс тіліндегі мәтінді қытай тіліне жазбаша аударып шығуы керек. Бірінші кезеңнің тапсырмасын орындауға бір сағат уақыт беріледі. Олимпиаданың келесі кезеңіне бірінші тур нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған 10 адам өтеді.

2-ші кезең: Сол жерде таңдалған тақырып бойынша эссе жазу және ауызша айту. Қатысушы студент әділқазылар алқасы ұсынған тақырыптардың ішінен біреуін таңдап алып, сол жерде 400 иероглиф шамасында эссе жазуы керек және сол жазған шығармасын ауызша айтып беріп, қазылар алқасының тақырып мазмұнына сәйкес қойған екі сұрағына жауап беруі тиіс.

Олимпиаданың 1-ші кезеңі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінің оқу залында, 2-ші кезеңі Әл-Фараби залында, 503 аудиторияда өтеді.

Қазақстандағы ҚХР-ның елшілігі қызметкерлерінен, Конфуций Институты мамандарынан және Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының белді қытай тілі оқытушыларынан құрылған қазылар алқасы, қатысушы студенттің қытай тілі грамматикасына қатысты білім деңгейіне, тақырыпты аша білу қабілетіне, қытай тілінің дыбысталуына, сұрақтарға дұрыс және ұтымды жауап беруіне, өзін-өзі ұстауына байланысты ұпай беру арқылы жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапатталады.

Сайыстың ұйымдастырушы комитеті:

ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы.

Адресі: Амангелді көш. 61 а, 208 каб.

Байланыс тел: 267-45-79 ( ішкі нөм.-126) – қытайтану кафедрасы

87016238317 - Батпенова Зәуре Сейдуллақызы

87012324610 – Ахметбек Гулжан

87004962300 - Керімбаев Ержан Абдраймұлы

Электрондық пошта: erker_70@mail.ru, gulzhan1970@yahoo.com.cn