Жоғары технологиялар саласындағы стипендиялық бағдарламалар

Ислам Даму Банкі

Жоғары технологиялар саласындағы стипендия бағдарламасы

ХАБАРЛАМА

2011-2012 оқу жылына арналған

Алматыдағы Ислам Даму Банкінің аймақтық өкілдігі 2011-2012 жж. Жоғары технологиялар саласында стипендия бағдарламасы бойынша хабарлайды. Үлгерімі жақсы үміткерлерге 2011 жылдың қыркүйек айында стипендия тағайындалады.

Бұл бағдарлама талапты студенттерге әрі қарай PhD докторантурада оқуға негізделген, күндізгі бөлімде үш жыл көлемінде немесе ғылыми –зерттеу жұмыстарымен 6 жылдан бір жылға дейін PhD докторантураны бітіргеннен сон ғылыми пәндер бойынша ИДБ-ның мемлекет мүшелерін дамытуға ат салысатын болса, мысалы: денсаулық/медицина, ауыл шаруашылық/азық-түлік институты, су ресурстары/құрғақшылық, энергетика/инфраструктураның дамуы, нанотехнологиялар салалары бойынша сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамытуға да байланысты. Кейбір стипендиялар зерттеу жұмыстары бойынша ойлап шығаруға абстрактылы ғылымдар саласына арналған.

Стипендияның мүмкіндіктері: оқудың ақысы, тұруға жәрдемақы, медициналық сақтандыру, авиабилет екі жаққа және де түрлі конференцияларға, компьютерлермен қолдануға және докторанттар үшін иждивенцияларына жәрдемақылар қосылады. Үміткер ИДБ-ның ел мүшелеріне кіретін азаматы болу қажет, оқып жатқан оқу орнының тұрғылықты қызметкері болуы керек және өз елінің зерттеу орталығының сонымен қатар осы бағдарламаның барлық қойылған талаптарына сай болуы қажет.

Талапты үміткер Times Higher Education Supplement (THES) көрсетілген университеттердің біріне түсуі керек. Олардың тізімі ИДБ сайтында берілген: www.isdb.org.

Басты басымдылық Кембридж университеті, Ноттингем университеті және Ұлыбританиядағы Бирмингем университеттерімен немесе 50 THES тізіміне кіретін ең мықты университеттерімен ынтымақтастық жайында келісім шарт жасалған университеттерге беріледі.

Үміткерлер ИДБ www.isdb.org, веб-сайтына кіріп бағдарламаның сауалнамасын көшіріп алуы қажет және оқуға қабылдану жайындағы және бағдарламаның шарттарының ерекшеліктері мен университет аттарының толық ақпараттарын оқып шығуы қажет. Үміткер сауалнаманың соңғы бетіндегі ағылшын тілінде берілген сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттармен бірге ИДБ-ның аймақтық өкілдігінің кеңсесіне толтырып жіберулерінің керек, Джиддедегі ИДБ-ның штаб-пәтеріне жіберілген сауалнама қарастырылмайды.

Қазақстанның азаматтары толтырылған сауалнаманы Алматыдағы ИДБ-ның аймақтық өкілдігіне 2011 жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей толтырып жіберулерінңз қажет, Джиддедегі ИДБ-ға тікелей жіберілген сауалнамалар қарастырылмайды.

Казахстан Республикасы: 050000, Алматы, а/ж 194

Тел.: +7 (727) 2727000/2727001

Факс: +7 (727) 2501303

Сауд Аравия: Стипендия бөлімі

Ислам даму банкі

а/ж 5925, 21432 Джидда, Сауд Аравиясы

Тел.: (966-2) 646-6833/636-1400, факс: 646-6887

электрондық пошта: scholar@isdb.org