ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АБИТУРЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН МАҒЛҰМАТТАРЫ.

Қытайтану кафедрасы төмендегідей мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

- «5В020900 -Шығыстану»
- «5В050500 -Аймақтану»
- «5В020700Аударма ісі (қытай тілі)»
- «5В021000 –Шетел филологиясы (қытай тілі)»

Шығыстанушы (қытайтанушы) бұл маман, кем дегенде шығыстың бір тілін, бірнеше батыс тілдерін, ауызша және жазбаша аударманың дағдыларын игерген, оқитын аймақтың дінін, доктринасын, құқығын, әдебиетін, дәстүрлі мәдениетін толық және жан-жақты меңгерген маман иесі.

«Аймақтану»

«Аймақтану» мамандығы – студенттерге білімнің барлық спектрін толық игеруге мүмкіндік беретін сирек мамандықтың бірі. Сонымен қатар қытай тілін еркін меңгерумен қатар, Қытайдың саясатын, экономикасы мен тарихын, мәдениеті мен географиясын және басқада салаларын терең қамтиды. Аймақтанушы Қытайдың әр саласының өкілдерімен іскери байланыс жасау дағдыларын игереді.

Студенттердің алмасу бағдарламасы бойынша, аймақтанушы студенттер Қытайдың университетіне бір жылдық тілдік ұзартуға бару мүмкіндігіне қол жеткізеді. Бұл практикада студенттер қытайлық студенттермен араласып, сөйлеу мәдениетін үйреніп, ауызекі тілін дамытады. Аймақтанушылар Қытаймен байланысы бар барлық аумақтарға, яғни қарулы күштер, білім мекемелері, мемлекеттік органдар және Қытайдағы Қазақстанның немесе Қазақстандағы Қытайдың ірі компанияларына өте қажетті маман.болып табылады.

«Аударма ісі (қытай тілі)»

«Аударма ісі мамандығы» студенттерге барлық салалардағы ауызша және жазбаша аударманың аудару шеберлігің және аудару дағдыларын жан-жақты жетік меңгеруге септігін тигізеді. Сонымен қатар, студенттер жоғары білімді, әрі кәсіби мамандардан дәріс алып, аударма саласындағы білімдерін одан әрі кеңейтіп, аудару әдістерінің қазіргі заман сай талаптарын үйренеді. Бұл мамандықта оқитын студенттерде студенттердің алмасу бағдарламасы арқылы Қытайдың университетінде тілдік тәжірибеден өтеді. Бұл тәжірибеде студенттер ауызша аудару әдісін, тыңдап түсіну дағдысын меңгереді.

«Шетел филологиясы (қытай тілі)»

«Шетел филологиясы» Кафедра қызметінің негізгі бағыты еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайына аса қажетті мамандарды халықаралық деңгейде дайындауға бағытталған. Шетел филологиясы мамандығының студенттері екі шетел тілін меңгеріп ғана қоймай, тілдерді оқыту теориясын жете меңгеріп, әлеуметтік өмірдің әр саласында қолданып, тәжірибе жасай алады.

Кафедраның негізгі басты ғылыми бағыты – тілдің қоғамның әр саласындағы нақтылы қызметін, қатынас құрал ретіндегі рөлін, ғылымның, білімнің, техниканың, экономиканың, бизнестің және мәдениеттің негңзгі аспабы ретіндегі рөлін зерттеу.

Қытайтану кафедрасының қызметі жоғары санаттағы, терең теориялық білімді меңгерген, қытай тілін, мәдениетін, географиясын, тарихын оқытуда жемісті және іскер еңбек етуге қабілетті жоғары білімді қытайтанушы маманын дайындауға және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту барысында, ақпараттық және зерттеу жұмыстарын шешу кезінде өзін лайықты маман екенін көрсете білетін, өзіне нық сенімді аудармашы мамандарды да даярлауға бағытталған.

Халықаралық байланыс. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, қытайтану кафедрасы Қытайдағы шетелдік әріптестерімен кең көлемде байланыс жасайды. Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігімен, Алматы қаласындағы ҚХР бас консулымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан құрылған Конфуций институтымен, ҚР дағы ҚХР-ның банкімен өте тығыз байланыстамыз. Кафедраның барлық оқытушылары Қытайдың Пекине, Ланчжоу, Хайнань, Тяньцзин, Аньхоу және т.б., ірі қалаларында тілдік тәжірибеден жіне академиялық дайындықтардан өткен. Сонымен қатар, қытай тілін меңгеріп жатқан біздің студенттерде ҚХР университеттерінде тілдік тәжірибеден өту мүмкіндіктері бар. Мысалы, биылғы 2010 жылда 80-ге жуық студенттер Қытайдың оншақты университеттерінде тәжірибе алмасты.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық мәселелермен айналысатын департаменті мен қытайтану кафедрасы ҚХР-ң Ланчжоу университетімен «екі дипломды білім» келіссөзін жүргізу жұмыстарын дайындау үстінде.

Кафедраға ҚХР-нан ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру, диссертациялық жұмыстарға жетекшілік ету және педагогикалық тәжірибелерді алмасу үшін арнайы мамандар шақырылып тұрады. Осы жылдан бастап Синцзян университетінің магистранттары педагогикалық практикаларын біздің факультетте өтуде. Қытайтану кафедрасы шетелдік әріптестерімен әрқашан кең көлемде тығыз байланысып, ортақ тіл табысып, студенттеріне сапалы да, терең білім беру ұшін күресуде.

Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл. Әр жыл сайын қытайтану кафедрасы ақпан-наурыз айларында шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл ұйымдастырады. Бұл дәстүрлі мерекеде қытайтанушы студенттер қытай тілінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көреременге паш етеді. Біреулері қытайдың атақты жазушыларының шығармаларын оқыса, кейбіреулері көрініс көрсетіп, қытайша өлең айтып, мың бұрала билей жөнеледі.

2008ж- Асыл Молдир (1-орын)

2009ж-Токкарина А. (1-орын)

2010ж-Тынышбаева А (1-орын, іріктеу тур)

2010ж.-Алаева С. (3-орын)

III Халықаралық студенттік конгресс «Ғылым әлемі»:2009ж- Жумабек А (1-орын)

Республикалық қытай тілі олимпиада 2009ж: Сопиев А. (1-орын)

Студенттердің ғылыми жұмысы республикалық конкурс: 2009ж- Абилекова Г. (3-о)

Халықаралық студенттік конгресс «Ғылым әлемі» 2010ж- Тагаева Ж. (1-орын)

Конкурс«Қытай мәдениетінен білім сайысы» 1-орын Токкарина А.

Қытайтану кафедрасының 4 курс студенті Асыл Мөлдірдің «Қытай тілі көпірі» конкурсында 1 орынға ие болуы сәтінен.

Қытай тілінен республикалық олимпиада Алматы 2010ж. Ортада ҚХР елшілігіндегі ғылым және білімінің атташесі Цуй Инлань ханым мен шығыстану факультетінің деканы профессор Н.А. Алдабек.

«Қытай тілі көпірі» атты қытай тілінен конкурс жеңімпазы 4 курс студенті Тынышбаева А.

«Қытай күзі» Қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Н.Б Абдраимова. және 3 курса студенттері.Китайская осень.Ph.D доктор Н.Б Абдраимова. и студенты 3 курса кафедры китаеведенния.

Қытайтану кафедрасының оқытушылары Ланьчжоу университетінде біліктілікті арттыру курсынан өту кезінде. Ланьчжоу университетінің проректорымен бірге.

Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері Ланьчжоу университетінде біліктілікті арттыру курсынан өту кезінде.

3 курс студенті Сұлтанбек С. ҚХР, Ханчжоу қ. «Тарихи музейде»

3 курс студенті Тағаева Ж.Д. Пекин тілдер және мәдениет университетінде бір жыл тілдік тәжірибеден өтті.

3 курс студенттері Абилекова Г., Базарбаева М., Каскарауова А. Пекин тілдер

және мәдениет университетін сертификаттарын алған кезінде.

3 курс студенттері Нұрғабылова Шолпан мен Исаканова Айжан. ҚХР, Ланчжоу қаласында тілдік тәжірибеде.

3 курс студенті Талипова Алтынай. ҚХР, Шанхай қ., Шығыс Қытай педагогикалық университеті.

2 курс магистрант Исаев А. ҚХР. Тяньцзин қаласы, Тяньцзин университеті.

Қытайтану кафедрасының түлегі Нұрышов Шахрат ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның кездесуінде аударма жасауда.

Қытайтану кафедрасының түлегі Серік Нарысов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР басшысын қабылдау кезінде аударма жасауы.

Қытайтану кафедрасының түлегі Серік Нарысов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР басшысын қабылдау кезінде аударма жасауы.

Қыраубаев Жошыхан – ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінің кеңесшісі

Президенттік стипендия иегері Болдурукова Назира ҚР Парламентінде. Сенат депутаты Қ. Сұлтановпен кездесу. 2007 ж.