Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

 

 


10.10.2016 жыл. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIII Республикалық пәндік олимпиадасында Аблаева Райхан І-ші орын алғаны үшін марапатталды.


2016 жылдың 5 – наурызында кафедра доценті Әрінова Бақыт Айтуқызы Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігіне қосқан ерен еңбегі үшін   Бауыржан Момышұлы атындағы « Батыр шапағаты » медалімен марапатталды.

2016 жылы университетімізде өткен III Халықаралық Фараби оқуларының студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі » атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясында белсенді қатысқаны үшін 3 курс студенті Данике Құралайға факультет деканы Масалимова Алия Рымғазықызының атынан сертификат табысталды.

2017 жыл 23 сәуірде « Астана 2017 » Дүниежүзілік көрмесіне арналған студенттер мен жас ғалымдардың « Фараби әлемі » атты халықаралық ғылыми конференциясында педагогика және психология секциясы бойынша Серікова Камиля II - дәрежелі дипломмен марапатталды.


2017 жыл 27-28 сәуірде, «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығы бойынша V Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында I орын алғаны үшін Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Ізгілік әлемі» командасына алғыс хат табысталды.


2017 жыл 31 – мамырда кафедра доценті Оңалбеков Ернар Сейткерімұлы   « Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы   Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы » атындағы мерейтойлық медальмен марапатталды.
  2017 жыл Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан өткен чемпионатында эстафеталық жүгіруден Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының студенті Круговых Илья III- ші орын алды.

 

 

 2017 жыл  Жеңіл атлетикадан XXVII-ші халықаралық Г.Косановқа арналған мемориалда эстафеталық жүгіруден “Педагогика және білім беру менеджменті ”кафедрасының студенті Круговых Илья II- ші орын алды.


2018 жылдың қаңтар айында кафедра профессорлары Таубаева Шаркүл Таубайқызы және Әлқожаева Нұрсұлу Сейіткерімқызы "ЖОО үздік оқытушысы-2017" байқауының жеңімпаздары атанды.


2018 жылдың ақпан айында кафедра аға оқытушысы Ертарғынқызы Динара 6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша PhD докторы дәрежісін алды.


  

2018 жылы "Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы"  дәстүрлі тазалық байқауында 3 орынға ие болды.


 

 

2018 жылы Жеңіл атлетикадан Алматы қаласының спартакадиасында 400 метрге жүгіруден “Педагогика және білім беру менеджменті ”кафедрасының студенті Круговых Илья III- ші орын алды.


 

2018 жылы  Жеңіл атлетикадан Алматы қаласының спартакадиасында 100 метрге жүгіруден “Педагогика және білім беру менеджменті ”кафедрасының студенті Круговых Илья II- ші орын алды.


 

 

2018 жылы  Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан өткен чемпионатында эстафеталық жүгіруден “Педагогика және білім беру менеджменті ”кафедрасының студенті Круговых Илья I- ші орын алды.


 

2018 жылы  Қазақстан Республикасының жастар арасында жеңіл атлетикадан өткен чемпионатында эстафеталық жүгіруден “Педагогика және білім беру менеджменті ”кафедрасының студенті Круговых Илья III- ші орын алды.

 

 

2018 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында Х Республикалық пәндік олимпиадасында “TOL Team of Leaders”командасы Ауелбек Айдана , Айтжанова Нұрбақыт ,Жапсар Абылайхан,Әбдіжәліл Еркеназ I-ші орын алды.


 

2018 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында Х Республикалық пәндік олимпиадасында “Педагогика және білім беру менеджменті ”кафедрасының студенті Ауелбек Айдана II-ші орын алды.


 

2018 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында Х Республикалық пәндік олимпиадасында Педагогика және білім беру менеджменті

кафедрасының студенті Айтжанова Нұрбақыт I-ші орын алды.

 

 

2019 жылдың сәуір айында "Өзін-өзі тану " пәні бойынша "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану " мамандығының 3 курс студенттері Хон Александра,Жданова Алина,Шонбаева Анар,Сабыр Айганым(Стартирсры командасы) VII республикалық олимпиадада II-ші орын алды.

 

 

 2019 жылы  "Педагогика және білім беру менеджменті" кафедрасының "7М01104 Педагогика және психология" мамандығының I-ші курс магистранттары Әбдікәрім Гүлжан және Шайланова Ерболат халықарылық грант пен шәкіртақы  иегерлері атанды.