КОИКА- ның материалдық көмегі

2010 ж. 7 қыркүйекте Шығыстану факультетінің Корейтану кафедрасы Корей халықаралық әріптестік ұйымынан (KOICA) көмек ретінде 80 дана оқулықтар мен корей тілінің анықтамалық әдебиеті және корейтану сабақтарына қатысты кітаптар алды. Бұл кітаптар Корей университеті баспасының корей тілін уйренуге арналған ең соңғы үлгідегі түрі болып табылады. Бұл жобаның себепшісі KOICA еріктісі Джонг Ми Сук болды. Сонымен қатар KOICA еріктісі Шин Санг Хо көптеген кеңсе тауарларын сыйлық ретінде ұсынды. KOICA – ға үлкен рахмет!