"Айқын" газеті

17.04.2019

Көрулер: 993

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде наурыз тойы тойланды. «Сәуір болмай, тәуір болмас» дегендей, жыл сайын Наурызға сәуірдің орта тұсының таңдалуы да орынды. Себебі, сыртта өткізіліп алыс-жақын шет елдерден, еліміздегі дипломатиялық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, ұлтымыздың көрнекті тұлғалары, белгілі ғалым, жазушы-ақындар, түлектер және қала әкімшілігінен, БАҚ өкілдерінен т.б. құрметті қонақтар шақырылды.

Әл-Фараби қалашығының сұлулығына енді осы күні ашылу салтанаты болып, келген қонақ­тар мен студенттер отырғызған алма ағаштары универ­си­тет алма бағы да ерекше сән қосатын болады. Осы орайда құттықтау сөз алған университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы­ның екі жылдығы шеңберінде жаса­лып жатқан бұл шараның сана­ларды жаңғыртудағы маңы­зын атап өтті. …Толастамай тұрған жауын да бейсенбіде саябырлап алдымен ректордың үлкен ақ үйі өз тұғы­ры­на орын тепті. Бірте-бірте факуль­тет үйлері тігіліп, жұма күні кешке бас ғимарат алдында ақшаң­қан ауыл пайда болды. Бір ерекшелігі тойға қатысты жазу­лар латын әріп­терімен жазылды. Көпшілік­тің ниет-тілегіне орай, сенбі таңер­тең аспан шайдай ашылып, ару күн нұрын төкті. Жиналған қауымның жаны жады­рап, айнала құлпыра түсті. Студенттер дайындаған мере­ке­лік концерт, ұлттық салт-дәс­түр­ге негізделген театрлан­ды­рыл­ған көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Қызылды-жасылды ұлттық киімдер, қасиет­ті домбыра, алтыбақан, жылқы мен түйеден түзілген қазақы көш, қыран бүркіт, сауыт-сайман т.б. көңілге мақтаныш әрі қуаныш сыйлады. Әр факультет жыл бойғы таза­лық, көрініс көрсету, үй тігу және безендіру, дастарқан жаюдан өзара жарысқа түсті. Нәтиже­сін­де, ректор тарапынан жүлделі орын­дар мен диплом-алғысхаттар табыс етілді. Журналистика факультеті 12 қанат ақ үй тігіп, ұлттық бар сән-салтанатқа сай безендірді. Нәти­же­­сінде, киіз үй тігуден 1-орынды иеленді. Факультет ер-азамат­тары әл-Фараби, Абай, Шоқан және Алаш зиялыларын сомдап, көрермен тарапынан ерекше ықыласқа бөленді. Ұстаздар мен қыз-келіншектер ұлттық киімде жарқырай көрінді.

Гүлнар Сәмединқызы,

филология ғылымдарының кандидаты