БАҚ ҚазҰУ туралы

Шанхай университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылды

29.09.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай шет тілдер университетінде (ШШТУ) қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын ашты. Бұл ортақ жоба Қытайдағы ҚР Елшілігі мен Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асты.   

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ көш басында

05.09.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте ке­зекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия айма­ғы мен Қазақстан жоғары оқу орын­дары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік уни­верситеті қатарына енді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ грант саны бойынша көш басында

21.08.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алуға берілген грант саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көш бастады. Төрт мың бір жүзден астам үздік мектеп түлектері ҚазҰУ-да білім алу грантын жеңіп алды, олардың көбі «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары. 

Ары қарай оқу >>

Араб әлеміне саяхат

11.08.2017

Араб әлеміне саяхат. Алматы қаласындағы Ұлттық кітап­хана­да кувейттік ақын, әлемге әйгілі меценат Абдул Азиз Сауд әл- Бабтин мырзаның шығармашылығына арналған шара болып өтті. Ұлттық кітапхана мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыс­тану факультетінің ұйымдастыруы­мен өткен мәдени шараға қоғам және дін қайраткерлері, аталған университет оқытушылары мен кітапхана, музей қызметкерлері һәм бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға Чонбук университетінің президенті келді

10.08.2017

edunews.kz ақпараттық агенттігі

ҚазҰУ-ға Чонбук университетінің президенті келді.  ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов Чонбук университетінің президенті Нам Хо Ли бастаған Корея делегациясымен кездесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері елбасы мақаласын талқылады

09.08.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер құрылыс жасағы (СҚЖ) Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады. Тарих ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан тарих кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Еділ Ноянұлы мақаладағы негізгі басымдықтарға бағдар жасап, жай-жапсарын жастарға түсіндіріп берді. 

Ары қарай оқу >>

Достық көпірі қазақ пен корей елдерін жалғап тұр

05.08.2017

Алматыда «Әлемдік көп этникалық және мультимәдени дәуірде бейбіт өмір сүру, алмасу мен ынтымақтастық» атты 18-ші Бүкіләлемдік корей форумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстанның корей қауымдастығы және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас Консулдығының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Жаһандық корей қоры ұйымдастыруда.

Ары қарай оқу >>