Факультет тарихы

 

Философия және саясаттану факультетінің тарихы 1947 жылы психология және логика кафедрасының ашылуы мен 1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінің құрылуынан бастау алады. Философия және экономика факультетінің ең алғашқы деканы доцент Н.П. Дардыкин болған.

Философия және экономика факультеті 1951 жылы философия-экономикалық факультет болып біріктіріледі, оның басшысы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.А. Жеребятьев тағайындалады. 1954 жылы КСРО басшылығының шешімімен философия-экономикалық факультеті жабылып, тек 1968 жылы қайтадан ашылады.

Факультеттің ең алғашқы түлектері – философия ғылымдарының докторы, ҚР ҒҰА академигі Ж.М.Әбділдин., философия ғылымдарының докторы, профессор А.Х.Қасымжанов, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҒҰА академиктері Я.А.Әубәкіров, К.А. Сағадиев, философия ғылымдарының докторы, профессор М.С. Әженов., профессор С.Т. Темірбеков, Г.А. Югай, З.А. Мұқашев, М.С. Бурабаев, Г.Б. Хан, А.И. Икенов, В.Г. Яковлев, А.А. Аимбетов, В.Г.Брянов, А.Д. Әжибаева, И.С. Хорошилова және т.б.

 

 

 

Педагогика және психология кафедрасы (1964 ж.)

 

 1971-1972 жылдар аралығында факультетте гуманитарлы және жаратылыстану факультеті жанында философия, философия тарихы және логика, этика, эстетика және ғылыми атеизм кафедралары жұмыс жасаған. Кейінгі жылдарда психология, әлеуметтану, саясаттану кафедралары құрылған. 1970 жылдан бастап факультетте шетел студенттері оқи бастады. Факультет Куба, Ауғаныстан, Лаос, Камбодж, Буркин-Фасо, Монғолия, Үндістан, Пәкістан мемлекеттеріне 400 астам білікті мамандарды даярлады. Факультет Орта Азия аймағындағы философиялық білім беру орталығы болып табылады.

1991 жылы философия-экономика факультеті екі дербес философия және саясаттану факультеті, экономика және әлеуметтану факультеті болып бөлінді. 1997 жылы әлеуметтану бөлімі философия және саясаттану факультеті құрамына енді.

Факультет тарихына қазақстандық психология, философия, саясаттану ғылымдарының негізін қалаушылар Т.Т. Тәжібаев, А.Х. Қасымжанов, Т.К. Мустафин есімдері алтын әріппен жазылған. Факультеттегі үш аудиторияға осы ғалым-педагогтар есімдері берілген. Факультет дамуына үлкен үлес қосқан профессорлар Аитов Нариман Әбдірахманұлы, Рахматуллин Қасым Халиуллинұлы, Орынбеков Муханмадияр Серікбекұлы, Қудайбергенов Білім Қайнелқұлы және т.б.

 

 

 

Философия-экономикалық факультетінің оқытушылары
мен студенттері (1980 ж.)

Философия және саясаттану факультетінің тарихы өзінің бастауын 1947 жылы психология және логика кафедрасының ұйымдастырылуынан, содан соң 1949 жылы университетте философия және экономика факультетінің ашылып, 1951 жылы философия-экономика факультетіне біріктірілуінен бастайды.

Философиядан кадрларды Кеңес Одағының орталық оқу орындарында ғана дайындау қажет деп шешкен СОКП ОК шешімі бойынша 1954 жылы жабылған философия-экономика факультеті 1968 жылы қайтадан ашылды.

Соңғы жылдары психология, саясаттану, әлеуметтану сияқты жаңа кафедралар ашыла бастады. 1991 жылы философия және экономика факультеті екі факультетке, философия және саясаттану, экономика және әлеуметтану факультеттеріне бөлінді. 1997 жылы әлеуметтану бөлімі философия және саясаттану факультетінің құрамына енді.


 

 

 

Философия және саясаттану факультетінің оқытушылары (1992 ж.)

 

 

 

Психология бөлімінің бірінші түлектері

Факультеттің алғашқы түлектері - ҚР ҰҒА Академигі, философия ғылымының докторы Әбділдин Ж.М., философия ғылымының докторы, профессор Қасымжанов А.Х., ҚР ҰҒА Академигі, экономика ғылымының докторлары Әубәкіров Я.Ә., Сағадиев Қ,А., философия ғылымының докторлары, профессор Әженов М.М., профессор Темірбеков С.Т. және басқалары.

Қазақстанның психология, философия және саясаттану ғылымдарының негізін салушылар Т.Т.Тәжібаев., А.Х. Қасымжанов., Т.К. Мұстафиннің есімдері факультет тарихында алтын әріптермен жазылды. Факультеттегі үш аудитория осы ерекше ғалым-педагогтардың атында. Факультеттің дамуына ерекше үлес қосқан профессорлардың қатарына Аитов Н.А., Рахматуллин К.Х., Орынбеков М.С жатқызуға болады.

Әр жылдары философия және саясаттану факультетін философия ғылымының докторлары, профессорлар О.А. Сегізбаев., А.Х.Қасымжанов., М.С. Әженов., А.К.Касабек, психология ғылымының докторы, профессор Н.А.Логинова басқарды. Факультет декандары қызметін саяси ғылым докторы, профессор К.Н.Бұрханов (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты) және философия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА Академигі Ғарифолла Есім ( Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты),  социология ғылымының докторы, профессор З.К. Шаукенова, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Құлсариева атқарған.

2011 жылдың сәуір айынан бастап философия және саясаттану факультетінің деканы болып философия ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Масалимова тағайындалды.

Факультет өмірінде жарты ғасыр барысында көркею, гүлдену, қайта құрылу, қиыншылықтарға толы кезеңдер орын алды, алайда факультет үжымы қиындықтарды жеңіп, өсіп, өзінің дамуының жаңа белестеріне қоршаған шындықтың жаңа маңызды және күрделі талаптарын орындауға қабілетті, жоғары деңгейге көтеріле білді.

Философия және саясаттану факультетінің ұжымы жеткілікті түрде жоғарғы шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, өзінің кәсібіне және университетіне берілгендегімен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта философия және саясаттану факультетінің, жақын арадағы үш жылдықтағы дамуының және жаңаруының стратегиялық басты мақсаты мамандарды дайындаудың жоғарғы сапасымен қамтамасыз ету болып табылады.