Ректорат мәжілісі технопаркте өтті

10.12.2012

Көрулер: 4420

Мәжілістің технопаркте алғаш өтуі жөнінде ректор Ғ. Мұтанов «ҚазҰУ-дың механика-математикалық факультетінде «Алгаритм» бизнес-инкубаторы ашылған болатын. Бұл технопаркте әлеуметтік-гуманитарлық блокқа ерекше көңіл бөліп отырмыз. Студенттердің қазіргі ойлары, мақсаттары мүлдем басқа, оларға біз әрқашан қолдауға дайынбыз. Әр факультетте осындай бизнес-инкубаторларды іске асыруымыз керек. Олар өз идеяларын коммерциализациялай алады. Барлығы да болашақ үшін жасалып отыр», - деді. Ал, келесі ректорат мәжілісі «әл-Фараби ғылыми кітапханасында» өтетіндігі хабарланды.


Ректорат мәжілісі жақсы дәстүрге айналған – шәкіртақы табыстау, алғыс хаттар ұсыну және құттықтаулармен басталды. Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері қос дипломдық бағдарлама аясында Страсбург менеджмент мектебінің дипломдарына ие болды. Баян Ермекбаева «2009 жылы Страсбург университетімен екідипломдық бағдарламасы бойынша келісім-шартқа қол қойылған еді. 1 жылда 2 студентіміз 20 пәннен емтихан тапсырып, оқып келді. 4 курсты университетімізде оқып, Еуропа мен ТМД-ның бакалавры деген диплом иегері атанып отыр», - деді. «Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенті Исаева Дәмеліге және мемлекеттік және жергілікті басқар мамандығының 4 курс студенті Бекаулов Айбекке сертификат табыстады.

Ал, шығыстану факультетінің түркітану және үндітану кафедрасының меңгерушісі Раушангүл Авакова факультет атынан оқу озаттары, ақылы бөлім білімгерлері Алибаева Мадина, Орынғалиева Мадина және Сабырбекова Маржанға арнайы шәкіртақы табыс етті.

Күн тәртібінде қаралған тақырыптарға тоқталсақ, Студенттер қалашығының жағдайы мен даму болашағы туралы студенттер қалашығы директоры Әбдіқаһар Сейітжанов ақпары тыңдалды. Қысқы сессияға дайындық жөнінде оқу жұмысы жөніндегі проректор Уәлихан Әбдібековтың мәліметтері ректорат мәжілісіндегі оқытушы-профессорларға емтихан барысында барлығына үлкен жауапкершіліктің жүктелетіні айтылды.

Үстіміздегі жылдың 26 қарашасында ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттену және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасының негізінде жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жарияланған болатын. «Ректорат мәжілісін 15 желтоқсанда арамызда болғанында 90 жасқа толатын Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атыдағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың мерейтойына арнайы ұйымдастырылған байқаудың қорытындысын жариялаумен жалғастырғанды жөн санап отырмыз», - деді ректор өз сөзінде.

Барлығы 63 қатысушы қатысқан байқаудың бүгінде жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болуда. ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы – Жанар Нұршайықова «Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай өткізілген шығарма байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтарды әулетіміздің атынан табыстайық деп келіп отырмыз. Отбасымыз осы орайда «Махаббат қызық мол жылдар» кітабын қайта баспадан шығардық», - деп хабарлады. 1 орын үздік эссе үшін (нетбук) – Тілегенов Асылан, филология, әдебиеттену және әлем тілдері факультеті; 1 орын үздік сын үшін (нетбук) – Қуанәлі Алмасбекұлы, журналистика факультеті; 2 орын үздік эссе үшін (эл.кітап-планшет) – Пулатова Замира, журналистика факультеті; 2 орын үздік эссе үшін (эл.кітап-планшет) – Сансызбаев Өмірбек, филология, әдебиеттену және әлем тілдері факультеті; 3 орын үздік эссе үшін (смартфон) – Сағынғалиев Дәурен, заң факультеті; 3 орын үздік сын үшін (смартфон) – Реметов Мейіржан, журналистика факультеті. Және мектеп оқушыларының арасынан ең үздік шығарма номинациясын иеленген – ҚазҰУ бейіндік мектебінің 11 сынып оқушысы Болатов Алмасқа (эл.кітап-планшет) берілді. Және барша байқауға қатысушыларға сертификаттар мен «Мәңгілік махаббат жыры» кітабы сыйға табыс етілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі