Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

22.01.2023

Көрулер: 2039

  • Ректор ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-инновациялық жетістіктерінің көрмесіне қатысты. Кейін, «Университет ғылымының дамуы – Қазақстанның инновациялық дамуының  қажетті алғышарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады. 
  • Білім ордасының басшысы Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Мохсен Фаганимен және Иранның Сыртқы істер министрлігінің аға сарапшысы, Фараби жұмыс тобының жетекшісі Муджани Гумимен кездесті. Жүздесу барысында қос тарап ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады.
  • ҚазҰУ басшысы ректорат отырысын өткізді. Жиында Жансейіт Қансейітұлы ұжым алдындағы нақты міндеттерге тоқталып, оқу сапасын арттыру қажет екенін жеткізді. 
  • Жансейіт Түймебаев Түркиядағы Ақтеңіз университетінің Денсаулық сақтау саласын басқару ісі кафедрасының меңгерушісі Мұстафа Чобанмен және профессор Ферхат Сарыбекпен кездесті. Жүздесу барысында тараптар серіктестікті одан әрі арттыру және ауқымды жобаларды бірлесіп атқару бойынша мәселелерді талқылады.