Жатақхана мәселесін шешу бойынша жедел штаб құрылды

20.09.2022

Көрулер: 4544

Алматы қаласында Satbayev University базасында студенттік жатақханаларға орналастыру мәселелерін шешумен айналысатын жедел штаб құрылды.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Жедел желі» ұлттық арнасы бағдарламасында айтты.

Клубты ашқан қоғам белсенділері және штаттық мамандар студенттерді орналастыру бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.

Грантта оқитын әрі азаматтардың жеңілдік санатына кіретін І курс студенттеріне басымдық беріледі.

Егер сіз студент болсаңыз және жеңілдік санатына жатсаңыз, жатақханадан орын ала алмасаңыз, штабқа жүгіне аласыз. Сізге міндетті түрде көмек көрсетіледі.

Бас кеңсенің мекенжайы:

Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 2-үй

№2 жатақхана

Байланыс телефоны: +77786556083