Медицина және денсаулық сақтау факультеті

19.07.2022

Көрулер: 2731

Медицина және денсаулық сақтау факультеті 2015 жылы ашылды. Студенттерді оқытуға Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтарының көрнекті ғалымдары мен жетекші мамандары, алыс-жақын шетелдерден (Ресей, Украина, Беларусь, Канада, Германия, Швеция, Оңтүстік Корея және т.б.) шақырылған профессорлар қатысады.

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары дәрежелі, 25 оқытушыда шетелдік жоғары оқу орындарының (Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея) дипломдары бар, оқытушылардың 78,5 пайызы ағылшын тілінде сабақ береді.

Факультет әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерімен белсенді халықаралық ынтымақтастықтың арқасында шетелдік тағылымдамадан өтуге нақты мүмкіндіктер жасайды.

Жыл сайын факультетте шетелдердің жетекші университеттерінен 10-нан астам визитинг-профессорлар тұрақты жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда факультетте Түркия, Ауғанстан, Йемен, Иордания, Иран, Ирак, Кения, Пәкістан, Палестина, Сирия, Үндістан, АҚШ, Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Түрікменстан студенттері білім алуда. Қазақстанның жетекші университеті ретінде факультеттің жеке клиникалық базалары бар: клиникалық-диагностикалық орталық, Алматы қалалық №1 ауруханасы.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Бакалавриат

6B10107 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

6В10101 – «Мейіргер ісі»

6В10102 – «Фармация»

6В10111 – «Жалпы медицина»

6В10104 – «Стоматология»

 

Интернатура

6B10103 – Жалпы медицина

6B10104 – Стоматология

 

Магистратура

7М10102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

7М10113 – «Эпидемиология»

7М10119 – «Гигиена»

7М10104 – «Медицина (дәрігер-зерттеуші)»

7М10116 – «Фармация»

7М10112 – «Биомедицина»

«7М01401 – «Дене шынықтыру және спорт»

 

PhD докторантура

8D10101 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

8D10102 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша:

8D10103 – «Мейіргер ісі»

8D10104 – «Фармация»

8D01401 – «Дене шынықтыру және спорт»