Журналистика факультеті

18.07.2022

Көрулер: 2346

Журналистика факультеті өзінің хронологиясын Қазақ коммунистік журналистика институты құрылған 1934 жылдың наурыз айынан бастап жүргізіп келеді.

Бүгінде факультет құрамында Баспасөз және электронды БАҚ, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа, сондай-ақ Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедралары бар.

Журналистика факультетінде 700-ден астам студенттер, магистранттар мен PhD докторанттар білім алуда. Оларды 10 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты, 5 PhD дайындайды. Болон процесіне сәйкес, магистранттар мен PhD докторларын даярлау шеңберінде АҚШ, Ресей, Австралия, Германия, Польша, Швеция ғалымдарының тағылымдамалары, тренингтері, мастер-кластары өткізіледі. Барманқұлов, Қожакеев, Бекхожин оқулары дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

Факультет құрылғаннан бері журналистиканың түрлі салалары бойынша БАҚ-та, баспаларда, баспаханаларда, республикамыздың жоғары және орта білім беру жүйесінде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің университеттері мен ғылыми орталықтарында жұмыс істейтін 8000-нан астам маман даярлады.

Факультетте «Әл-Фараби» телеарнасы, студенттік жаңалықтар қызметінің радиосы және «Журналист» студенттік газеті жұмыс істейді, онда болашақ журналистер өздерінің практикалық дағдыларын жетілдіреді. ҚР-дағы БҰҰ Ақпараттық бюросының қолдауымен студенттерге қазақ тілінде БҰҰ радиосында жаңалықтар жүргізуге және ЮНЕСКО-ның журналистика модельдері туралы оқу бейнесабақтарын айтуға мүмкіндік берілді.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Бакалавриат

6B042 – Журналистика және репортер ісі 

- Журналистика

- Халықаралық журналистика

- Қоғаммен байланыс

- Медиакоммуникациялар

 

В029 – Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

- Баспа ісі

- Кино&Медиа

 

В031 – Сән, дизайн

- Дизайн

- Медиадизайн

 

Магистратура

М067 – Журналистика және репортер ісі

- Журналистика

- Datа журналистика

- Медиакоммуникациялар

- Цифрлық медиакоммуникациялар (СПбМУ)

- Халықаралық журналистика

 

М068 – Қоғаммен байланыс

- Қоғаммен байланыс

М032 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

- Креативті индустриялар

 

М035 – Сән, дизайн

- Дизайн

- Медиадизайн

М036 Полиграфия

- Баспа менеджменті және типография

 

PhD докторантура

 

D067 – Журналистика и репортерское дело

- Журналистика

- Медиа және коммуникациялар

- Халықаралық журналистика

 

D068 – Связь с общественностью

- Қоғаммен байланыс