Әл-Фараби кітапханасы жаңартылды

17.05.2022

Көрулер: 3397

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттағы жиһаздар жаңартылды.


Университеттің негізгі маңызды іс-шаралары Әл-Фараби ғылыми кітапханасында өтеді.

Кітапхананың мәжіліс залдарындағы жылыту радиаторларына ағаш жабындары орнатылып, жалпы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жиһаздар жаңартылып, қосымша жарықтандыру жүйесі орнатылды. Екінші қабаттағы классикалық оқу залында және үшінші қабаттағы Абай залында 800 орындықтың қаптамалары ауыстырылды.

 

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы 1934 жылы университетпен бір уақытта құрылды. 2012 жылы кітапхана шығыс стилінің элементтерімен үйлесімді жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдермен жабдықталған, жалпы ауданы 17 856,6 шаршы метр заманауи жаңа ғимаратқа көшті. Бүгінде бірыңғай ақпараттық кітапхана қоры қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде 2 миллионнан астам дананы құрайды.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі