ҚазҰУ-дың жас ғалымдары үздіктер қатарында

20.10.2021

Көрулер: 2442

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған студенттер мен магистранттар арасындағы «Абай әлемі» ғылыми байқауында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.

Байқаудың мақсаты – дарынды жас ғалымдарды анықтау, Абай мұрасын кеңінен насихаттап, заман талабына  сай  жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету. 

Ғылыми байқауға Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам жас қатысты. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.

Магистранттар арасынан үздік деп танылған:

I орын және 500 000 теңге сыйақы – Шәмшиев Пердехан Рүстембекұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты.

Жүлделі орын алған студенттеріміз:

II орын және 300 000 теңге сыйақы – Әбдіғали Әсел Ахметжанқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті;

III орын және 200 000 теңге сыйақы – Қамшыбек Ахмет Қанатұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті.

Байқау нәтижесі бойынша үздік ғылыми жұмыстар Abaialemi.kz порталында жарияланады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі