Әскери дайындық офлайн өтуде

10.09.2021

Көрулер: 3644

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әскери кафедрасы өзінің 87 жылдық тарихында ҚР Қарулы Күштерінің қажеттіліктері үшін 40 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындады.

Тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен запастағы офицерлер 17 әскери есепке алу мамандығы бойынша және запастағы сержанттардың 6 әскери есепке алу мамандығы бойынша оқытылады. Олар: құрлық әскерлерінің әуе қорғанысы күштерінің офицерлері, мотоатқыштар мен әскери барлау офицерлері, тәрбие құрылымдарының офицерлері, әскери психологтар, әскери журналистер, байланыс әскерлерiнiң офицерлері, әскери метеорологтар, денешынықтыру мен дайындығы офицерлері.


Әскери кафедра құрамында жеке оқу корпусы, 40-тан астам мамандандырылған сынып, интерактивті лазерлік ату полигоны, әуе қорғанысы мен мотоатқыштар әскерлерінің полигондары, мотоатқыштар әскерлерінің жауынгерлік техникасы, интерактивті жауынгерлік жаттығу тренажерлері бар.

2020 оқу жылында карантиндік шараларға байланысты әскери дайындық сабақтары онлайн өткізілді. Студенттердің оқу материалын сапалы меңгеріп, әскери ғылымды игеруі үшін оқу кестелері түзетілді, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, презентация мен дәріс материалдары қайта қаралды. Онлайн сабақтар барысында бейне және графикалық материалдар көбірек қолданылды, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысын белсендіруге мүмкіндік беретін тестіленген бағдарламалар.


Биылғы оқу жылында эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты сабақтар мен әскеру оқу-жаттығулар офлайн режимде өтуде. Оқу үдерісін ұйымдастыруда оқу материалын тереңірек игеру үшін тәжірибелік жаттығуларға, әскери техника мен қару-жарақты игеруді үйретуге баса назар аударылады. Студенттер теориялық білімдерін енді тренажерларда, Әскери кафедраның атыс полигонында және оқу-жауынгерлік техникаларында пысықтайды.

Тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыс күшейтілді. Офлайн оқудың алғашқы күндерінде студенттерге құрамына кафедраның мұражайы мен Қазақстанның халық батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлы аудиториялары кіретін Әскери кафедраның әскери-патриоттық орталығында сабақтар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауы бойынша курсанттармен талқылау жүргізілді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жауынгерлік сабақтары, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер, көшбасшылық дәрістер өткізу жоспарланды. Сондай-ақ Алматы қаласының студенттері мен оқушыларына арналған ашық есік күндері, тарихи викториналар, тақырыптық концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Университеттің Әскери кафедрасының ұжымы Қазақстанның нағыз патриоттарын – запастағы офицерлерді даярлауда ілгері қадамдар жасап келеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі