ҚазҰУ ұлттық рейтингте алға шықты

02.06.2021

Көрулер: 7736

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 2021 жылғы үздік көпсалалы жоғары оқу орындарын анықтады. Бұл рейтингте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің көпсалалы оқу орны арасында кезекті рет көш бастады.

Бұл рейтинг академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшыларды бағалау және жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу негізінде жасалады. ҚазҰУ барлық көрсеткіштер бойынша ең жоғары балл жинап, университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да дәлелдеді.


IQAA Ranking жоғары оқу орындарының рейтингі Шанхай мен Братиславадағы Академиялық рейтингтер мен артықшылық бойынша халықаралық обсерваторияның (IREG) конференцияларында жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар мақұлдаған әдістеме негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ «Higher Education in Europe» (Лондон) және «Journal of Higher Education» (Шанхай) ғылыми журналдарында жарияланды.

Ұлттық институционалдық рейтинг – IQAA Ranking қазақстандық жоғары оқу орындарына өз ұстанымдарын айқындауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, жоғары оқу орнының сапалы жұмысына жәрдемдесуге және ең бастысы, білім алушыларды көбірек тартуға және жұмыс берушілер үшін қызығушылық аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық жоғары оқу орындары рейтингінің нәтижелері https://iqaa-ranking.kz/ ресми сайтында және «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі