Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі талқыланды

30.04.2021

Көрулер: 3426

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында стратегиялық сессиялардың онлайн пікірталас платформасы іске қосылды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтайыр Ахметовпен өткен стратегиялық сессия мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі тәсілдері мен қағидаттарын талқылауға арналды.

Онлайн кездесу барысында сындарлы пікірталас болып, ынтымақтастық және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытуға сараптамалық-талдамалық қолдау көрсетуі туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар университет өкілдері тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін өздерінің сандық әзірлемелерін ұсынды.

Сондай-ақ мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, ақпараттық технологиялар менеджменті, мемлекеттік қызмет және кызметкерлерді басқару саласында мамандарды даярлау бойынша белсенді ынтымақтастық жүзеге асырылатын болады.