Араб тілін функционалдық оқыту ерекшеліктері мен әдістеріне арналған вебинар

05.04.2021

Көрулер: 3269

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған халықаралық бірқатар іс-шаралар шеңберінде, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетімен және Аль-Марсад Аль-Уруби Еуропалық обсерваториямен (Франция) бірлесіп, ЖОО оқытушыларына арналған «Араб тілін функционалдық оқыту ерекшеліктері мен әдістері: теориядан онлайн форматтағы практикаға» атты III республикалық әдістемелік вебинар өз жұмысын онлайн форматта бастады. Бұл әдістемелік вебинар 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.

ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын аталған вебинардың бірінші жұмыс күнінде әлемнің әр түрлі елдерінен (​​Германия, Франция, Италия, Дания, Нидерланды, Египет, Тунис, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан), сондай-ақ Қазақстандағы жоғары оқу орындарынан (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ) 76 профессор мен оқытушы, докторант, магистрант қатысты.

Дәрістер мен пікірталастардың тақырыптары әр түрлі әдістемелік және әдіснамалық мәселелерді қамтиды, оның ішінде соңғы уақытта өзекті болып тұрған қашықтықтан, онлайн және оффлайн оқыту форматтары, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері әлемдік және жергілікті ауқымда қарастырылады. Қатысушылар шет елдік аудиторияға араб тілін оқытуда жаңа оқыту стратегияларды жүзеге асыру үшін қандай құралдар мен әдістерге жүгіну керектігін талқылайтын болады.

Оқушылардың оқу дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту үдерістеріне әрдайым ерекше назар аудару қажет, сондай-ақ оқытушылардың да оқыту сапасын көтеруге және жалпы білім беру жүйесіне өзгерістер енгізетін барлық инновациялық технологияларды, соның ішінде, араб тілін оқыту әдістемесі негізінде қолдана білу де басты назарға алынады.