Танымдық қысқы мектеп

22.02.2021

Көрулер: 3419

Әлемдегі үздік жоғары оқу орындары қатарынан лайықты орын алуға бағытталған саясат шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Иран Ислам Республикасының Алламе Табатабаи университеті арасында жасалған меморандум аясында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирандық университет студенттеріне арналған «Орталық Азия тарихы: тілі мен мәдениеті. Аймақтану» атты тақырыпта қысқы мектеп курсы ұйымдастырылды.

Қысқы мектеп курсы үстіміздегі жылға жоспарланып қазір онлайн форматында жүзеге асырылуда.

Курстың мақсаты – Орталық Азия халықтарының тарихы, тілі мен мәдениеті, оның ішінде ұлттық құндылықтарымыз жайында шетелдік студенттерге танымдық ақпарат беру. Өткен жылы қазақ тілінің бастапқы деңгейін меңгерген ирандық студенттердің тілімізді үйренуге ынтасы артып, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытып отыр. Қысқы мектеп курсына қатысушы ирандық студенттер осы бағытта білімдерін тереңдете жетілдіру мақсатында алдағы уақытта Қазақстанға, әл-Фараби атындағы ұлттық университетке арнайы келуге мүдделі екенін айтты.