ҚазҰУ журналдары - Web of Science базасында

22.02.2021

Көрулер: 1546

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы сериялары Web of Science платформасындағы «Ресейлік ғылыми дәйексөздер индексіне» енгізілді және қазір Web of Science базасы университеттің 7 журналын индекстейді. Бұл Қазақстан университеттері мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үш ғылыми журналы, атап айтқанда «Химия», «Физика» және «Математика, механика және информатика» хабаршы сериялары Web of Science мәліметтер базасының индекстеу тізіміне қосылды.

Бұл уақытқа дейін осы мәліметтер базасында «International Journal of Mathematics and Physics», «International Journal of Biology and Chemistry», сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп шығарылатын «Eurasian Chemico-Technological Journal» және «ҚР ҰҒА Хабаршысы. Физика және математика сериясы» журналдары болған.

Russian Science Citation Index (RSCI) - бұл ғылыми басылымдардың көп салалы дерекқоры және ол Web of Science-ке енгізілген зерттеу нәтижелерінің әлемдік қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

Russian Science Citation Index (RSCI) индексінің дерекқорына ғылыми жарияланымдарды қосу үрдісі бағалаудың бірнеше кезеңінен тұрады, соның ішінде Ресейлік ғылыми дәйексөздер индексіндегі (РИНЦ) журналдың библиометриялық көрсеткіштері және жетекші ғалымдармен басылымның ғылыми сараптамасы қарастырылады.

RSCI-де маңызды ғылыми құндылығы бар ең жақсы басылымдар жинақталған. Сондықтан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы серияларының Russian Science Citation Index дәйексөз индексіне қосылуы, сондай-ақ ғылыми қауымдастық үшін ең беделді Web of Science мәліметтер базасындағы университеттің 7 журналының индекстелуі Университеттің ғылыми зерттеулер мен ғылыми жарияланымдар сапасын арттыру стратегиясының сәтті екендігін тағы бір рет дәлелдейді.

www.kaznu.kz