Кешенді логистиканың сауалдары

17.02.2021

Көрулер: 3606

«Бизнес-технологиялар» кафедрасы DAMU Logistics қызметкерлерімен бірлесіп «логистика» мамандығының 1-4 курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн-отырыста спикер, DAMU оқу орталығының кураторы, онлайн-жобаларды іске асыру жөніндегі менеджері А.Анишев «Кешенді логистика: тауарлар импортынан оларды іске асыруға дейін» тақырыбында практикалық ақпаратпен бөлісті. Кездесудің басты мақсаты – «Логистика (салалар бойынша)» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-4 курс студенттерін кешенді логистика, жұмыспен қамту және практикалық оқыту, студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру туралы толық ақпаратпен құлағдар ету.

Кездесу барысында DAMU Logistics қоймасына онлайн-экскурсия өткізілді. Студенттерге тауарларды алған процесстен бастап, оларды сатуға жібергенге дейінгі аралықта логистикалық операцияларды іс жүзінде жүзеге асыру жұмысы жайы айтылды. Менеджер А.Е. Анишев студенттердің DAMU Logistics компаниясында тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу, олардың қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар және салаға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге «Логистика» мамандығының барлық студенттері және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.