Ғылым көшбасшысы

13.01.2021

Көрулер: 3249

ҚазҰУ профессоры, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Әлібек Исахов «Физика» пәні саласында «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards 2020» беделді сыйлығының «Жоғары дәйексөзді қазақстандық автор» номинациясын жеңіп алды.

Әлібек Исаховтың авторлығымен жоғары рейтингті басылымдарда 285-ке тең дәйексөздердің жиынтық санымен 36 мақала жарияланды.

Профессор Ә. Исаховтың ғылыми зерттеу аясы кең. Ол инженерия, физика, астрономия, математика, химиялық инженерия, энергетика, медицина, биохимия, генетика және молекулалық биология, информатика сынды білім салаларын қамтиды.

Оның жетекшілігімен 50-ден астам студенттер мен магистранттар үздік қорғалды. Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ә.Исахов көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы (2014 ж.), дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия (2016 және 2020 ж.), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медаль (2016 ж.), «ЖОО үздік оқытушысы» атағы, ҚазҰУ дамуына қосқан үлесі үшін медалдарымен (2019 ж.) марапатталды.

Қазіргі уақытта профессор Ә.Исахов ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі болып табылады. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Құрмет грамотасымен марапатталды. www.scopus.com ресми сайтында Әлібек Әбдиашимұлының индекс хиршасы 16-ға тең, бұл оның бүкіл әлем ғалымдарының жоғары дәйексөзділігі мен жұмысына мүдделілігін көрсетеді. 

www.kaznu.kz