Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны

04.12.2020

Көрулер: 3213

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияда Ер Едігенің тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қызметі мен Алтын Орда тарихына қосқан үлесі қарастырылып, тақырыпқа қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланды.

Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алтын Ордадағы саяси қарым-қатынастар мен ондағы жекелеген тұлғалардың қызметін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына қосқан үлесі аспектісінде қарастыруға арналды. Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеуге байланысты жүргізілген археологиялық ізденістердің негізінде жасалған тың тұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар сарапталды.

www.kaznu.kz