Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі болып тағайындалды

20.11.2020

Көрулер: 3145

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары - химия ғылымдарының докторы, профессор, физикалық химия және электрохимия кафедрасының меңгерушісі Оспанов Хабибулла Құсайынұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Джунушалиев Владимир Джумакадырович - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі болып тағайындалды.

Осындай атаулы іс-шарамен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Г.М.Мутанов құттықтап, ғалымдардың ғылым мен университеттің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, олардың жетістіктері жас ғалымдар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға шабыттандыратынын ерекше атап айтты.

Академиктер Х.Қ. Оспанов және В.Д. Джунушалиев тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Олар іргелі және қолданбалы ғылым саласында маңызды болып табылатын зерттеулердің өзекті бағыттарымен айналысатын ғылыми жобаларды басқарады.

Оспанов Хабибулла Құсайынұлы Қазақстанда минералды шикізатты қайта өңдеу және унитиол химиясы жағдайында минералдар мен еріткіштердің реакциялық қабілеттерінің айырмашылығын болжаудың жалпы принциптерін – ғылыми бағытты негіздеді. Әлемдік тәжірибеде баламасы жоқ 34 жаңа технология әзірледі, оның 23-і өндіріске, оның ішінде әскери-өнеркәсіптік кешенде, ҚР түсті металлургия, химия өнеркәсібі кәсіпорындарында енгізілді. Ғалым 4 ғылыми жаңалықтардың және 1200-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның 153 өнертабыстар мен патенттерге авторлық куәліктер, оның 3 АҚШ халықаралық патенттері, 23 монография Ұлыбританияда, Германияда, Ресейде жарияланған. Ғалымның басшылығымен 48 ғылым кандидаты және 6 ғылым докторы, 3 PhD докторы дайындалды.

Ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін академик Х.Қ.Оспанов түрлі халықаралық және республикалық марапаттармен марапатталды: ҚР ғылымындағы жоғары жетістіктері үшін медаль, атаулы платина медалімен марапатталды және "XXI ғасырдың көрнекті ғалымы" (Кембридж, Англия) кітабына енгізілді. Ол - "Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымы" мемлекеттік стипендиаты, "Ғылым" номинациясы бойынша "Платиналы Тарлан" жалпы ұлттық тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Халықаралық сутегі энергетикасы қауымдастығының (Майами, АҚШ) Нобель сыйлығына үміткері.

Академик Владимир Джумакадырович Джунушалиев әлемдік ғылыми қоғамдастықта гравитация, космология және кванттық хромодинамика саласындағы танымал ғалым, Хирш индексі 18 көрсеткіші бар Қазақстанның шет елдердегі жоғары дәйексөз ие ғалымдарының бірі болып табылады.

Ол ғылымды дамыту үшін маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Академик В.Д. Джунушалиевтің жетекшілігімен және жеке авторлығымен Еуропа, АҚШ-тың жетекші журналдарында 200-ден астам жарияланым жарияланды.