Әл-Фарабидің 1150 жылдығы: мерейтойлық жылдың басталуынан қорытындысына дейін

16.10.2020

Көрулер: 3414

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың ҚР Мемлекеттік хатшысы

Қ.Көшербаевтың фарабитанушы ғалымдармен кездесуіндегі баяндамасы

 

Қадірлі Қырымбек Елеуұлы!

Құрметі қонақтар!

 

ЮНЕСКО-ның құзырымен өтіп жатқан әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ұлттық жаңғыру үдерісінде еліміздің әлеуметтік-саяси дамуына, құндылықтарды бағалай білуді қалыптастыруға бағыт алған Қазақстанның жаңа тарихында аса маңызды кезеңді айқындайды. Ұлы ойшыл әл-Фараби есімі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, еліміздің имиджін әлемдік деңгейге көтеруге ықпал ететін аса құнды рәміздік капитал.

Бұл мерейтой бізге әлемдік өркениет тарихында адамзаттың екінші Ұстазының ролін анықтауға және әл-Фараби бейнесін ұлттық брэнд ретінде дәріптеуге зор мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойды өткізуге қатысты Мемлекеттік хатшы басқаратын Мемлекеттік комиссия құру жөніндегі өкімі аса жоғары мерейтойды биік деңгейде ұйымдастыру туралы тапсырмасы үлкен тарихи маңызға ие болуда.

Ұлы ойшылдың рухани мұраларын бұрынғыдан да танымал ету, оқып-үйрену, зерттеу-зерделеу және мәңгілікке ұластыру жұмыстарының басым бағыттарын айқындаған жалпыреспубликалық жоспар қабылдау - Президент тапсырмасын жүзеге асырудың маңызды механизміне айналды. Біз бүгін, мерейтой жылын қорытындылай отырып, пандемия енгізген кейбір түзетулерге қарамастан, міндеттелген жоспарды орындау жаңа мақсаттарға жетуге жол ашты деп айта аламыз.

Мерейтойлық шараларды Қазақстанда және халықаралық ауқымда жүзеге асыруда негізгі роль атқарушылардың бірі болғандығы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін үлкен мәртебе. Бұл маңызды миссиясын БҰҰ «Академиялық ықпалдылық» бағдарламасының Жаһандық Хабы ретінде ҚазҰУ мерейтойлық шараларға халықаралық қоғамдық және академиялық қауымдастықтар өкілдерін тартуға ерекше мән берді.

Мерейтой шараларының аса маңызды бағыттарының бірі – әл-Фарабидің шығармашылық мұралары және оның бүгінгі замандағы өзектілігі талқыланған халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік алаңдарды ұйымдастыру болды.

ҚазҰУ 60-тан аса халықаралық және республикалық конференция, дөңгелек үстөл, алқасөз, ғылыми вебинарларды БҰҰ, ЮНЕСКО, ИЕҰ, ТҮРКСОЙ секілді беделді халықаралық ұйымдардың және Қазақстанның шетелдердегі Елшіліктерінің қолдауымен ұйымдастырды, сол үшін де оларға алғысымыз шексіз. Бұл шараларды жүзеге асыруға әлемдегі ең беделді Оксфорд, Стамбул, София, Афина ұлттық университеттері, сондай-ақ Дамаск, Мысыр, Берлин, Цюрих, Вена университеттері және көптеген басқа да ЖОО белсенділік танытты.

Әл-Фараби мерейтойы әлемнің көптеген елдерінде, айталық, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Индияда, Израйльде, Сингапурде, Малайзияда, Индонезияда басталды. Әл-Фараби мұралары бойынша «Kazakh Speaker» халықаралық конкурсының эксперттерінің және әлемге әйгілі фарабитанушылардың қатысуымен Science Talks, TedEx Talks сериясы өмірге жол тартты. Жоғарыда аталған барлық ғылыми-тәжірибелік шараларға дүниежүзінің 50-ден астам елінен және 100-ден астам ЖОО-нан 12 000 адам тартылды. Мүмкіндікті пайдаланып, осында отырған қонақтарды қазан айының соңына жоспарланған, БҰҰ-ның құрылғанына 75 жыл толуына арналған халқаралық конференцияға шақырамын. Конференцияда қазіргі жаһандық алаңдаушылық жағдайында парасатты қайраткерлікке үндейтін әл-Фараби идеяларының өзектілігі талқыланады. Сонымен қатар, жылдың аяғына дейін Швейцарияда, Италияда, Германияда, Австрияда, Вашингтонда, Исламабадта, Стамбулда, Дамаскіде әл-Фарабиге арналған конференциялар өтеді деп жоспарланған.

ҚазҰУ-де ұлы ойшылдың мерейтойы қарсаңында оның мұраларын кешенді түрде зерттеуді ұйымдастыру мақсатында әл-Фараби халықаралық Орталығы құрылды. Тұңғыш рет ғұлама мұралары бойынша виртуалды портал жасалып, Invisible College принципі бойынша фарабитанушыларды әлеуметтік жігіне қарамай өзара байланыстыратын интерактивті алаң іске қосылды. Әл-Фараби орталығын әлемдік ғылыми мектептермен байланыстыру нәтижесінде жаһандық ғылыми және пәнаралық зерттеулер арқылы әл Фараби идеялары мен қағидаттарының заманауи мазмұнын ашатын жұмыстар ұйымдастырылды және бұл – халықаралық ауқымды қамтитын жоба.

Жұмысымыздың тағы бір маңызды бағыты – әл-Фарабидің бұған дейін белгісіз болып келген еңбектерін іздеу, бұрын жарияланбағандарын аударып, ғылыми айналымға қосу. Университет ғалымдары бұрын жарық көрмеген үш трактатын арабшадан қазақшаға аударды, олар алдағы күндерде ғылыми айналымға қосылмақ. Әл-Фараби жылында әлемде тұңғыш рет ғұлама туралы барлық ақпарат жүйеленген «Әл-Фараби» энциклопедиясы жарық көрді. Әл-Фараби мұраларына қатысты жаңадан 7 монография мен оқулықтар, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде данышпан афоризмдерінің 2 жинағы оқырмандар қолына тиді.

Әл-Фараби жылында елімізде қазіргі заманға лайық ғылыми-инновациялық жүйе қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Осыған қарай, «AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» концепциясы аясында отандық білім беру мен ғылым деңгейін көтеруге, технологиялық дамуға қуатты серпін беруге, инвестиция тартуға мүмкіндік ашатын ғылыми және мәдени-әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандар іске қосылды. Ұлы ғалымның мерейтойы аталып өткен жылда әл-Фараби кітапханасы рухани жақындасу алаңына, ал Студенттерге 500-ден астам қызмет көрсететін келбеті ерек «Керемет» орталығы қайырымдылық үйіне айналды. Шетелден келіп оқып жатқан студенттерді қызықтырған МВА және DBA бағдарламалары бойынша «Al-Farabi business school» ашылды.

Әлемдік талаптарға сай, ЮНЕСКО және ИЕҰ қолдауымен ҚазҰУ базасында ғылыми-технологиялық әл-Фараби алқабы жасалуда. Бұл жоба орасан ғылыми зерттеулерді қажет ететін секторларға сырттан инвестиция тарту, экономикалық тұрғыдан бақуатты болу қағидаттарына негізделген ғылымды басқарудың жаңа моделін жасауға арналған. Ғылыми-технологиялық әл-Фараби алқабы жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға халықаралық ивестициялар тартудың қуатты тұғыры болары сөзсіз.

Жастар арасында әл-Фараби мұраларын танымал ету – мерейтой жылының маңызды тағы бір бағыты. Осыған байланысты, Қазақстанның ұлттық moocs.kz ашық білім беру платформасына 5 мыңнан астам адам тыңдаған «әл-Фараби және қазіргі заман» атты онлайн-курс енгізілді. «Қайырымды қоғам» челенджі іске қосылды, әлемнің 10 елінен 10 мың мектеп оқушысы қатысқан халықаралық «әл-Фараби» олимпиадасы өтті. Жыл сайын олимпиада жеңімпаздарына ҚазҰУ-де оқу үшін 40 білім алу гранты бөлінеді.

. Республикалық ауқымда «әл-Фараби және қайырымды қоғам» деген тақырыпта он-лайн режимде «Парасаттылық сағаты» дәрісі өтті. Мұны «Хабар», «Қазақстан» және 14 аймақтық телеарналар көрермендеріне көрсетті. YouTube-каналға жүктелген бұл бейнедәрістерді 100 мыңнан астам адам көрді.

Барлық мерейтойлық шаралар отандық және шетелдік БАҚ-тарда, сондай-ақ Қытай, Түркия, Мысыр, Орталық Азия және ТМД елдерінде жарияланды. Мерейтойлық шаралардың ашылуын қазақстандық телеканалдармен қатар Түркия ұлттық телеарнасы да тікелей эфирде көрсетті.

Сонымен қатар, ҚазҰУ-дің AlFarabiTV арнасы YouTube-каналда #ALFARABI1150 плейлистін ашты. Мұнда әл-Фараби мұраларын танымалдандыруға арналған 100-ден стам бейнематериалдар, сюжеттер, аннимациялық фильмдер орналастырылған. ҚазҰУ Голландия және Түркия медиакомпанияларымен бірлестікте үш деректі фильм түсірді. Осы уақытта ҚазҰУ қазақстандық киномотографистермен бірге «Ұстаздың оралуы» деген жаңа киножобаны тәмәмдады. Ол бүгін алғаш рет көрермендер назарына ұсынылды.

Мерейтойдың басты мақсаттарының бірі – әл-Фарабидің ғылым туралы, қайырымдылық хақындағы, кемел әдеп жөніндегі идеяларын нақты ғылым мен білім берудің инновациялық жобалары арқылы дәріптеу. Уақыттың өзі көрсеткендей, қазіргі қоғамда ұлы әл-Фарбидің Аль-Мадина аль-фадила – қайырымды қала туралы ілімі әрі өзекті әрі қажетті болып отыр. Адамзаттың барлық келеңсіздігіне әл-Фараби жалғыз ғана жауап береді , ол – рухани-адагершілік құныдылқтар немесе қайырымдылық. Бұл идеяны жаңа көзқарастағы қоғам қажет етіп отырғандықтан, жаппай тарату - аса маңызды болмақ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚазҰУ әл-Фарабидің қайырымды қоғам жөніндегі идеясының негізінде «УНИВЕРСИТЕТ 4.0.» қазаргі заман талаптарына жауап беретін жаңа модель жасады. Бұл модель «AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» концепциясының негізінде құрылған әрі жоғары-технологиялық және рухани-адамгершілік платформасында жүзеге асырылады. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб-пәтерінде тұсауы кесілген Университет 4.0. моделі қазірде халықаралық деңгейде БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсымен бірлескен «Қайырымды қоғам қалыптастыру. Қазіргі университеттер миссиясы» жобасы ретінде кең таратылуда.

Жеке тұлғаның интеллектуалды және адамгершілікті кемелденуінің тұтастығы жөніндегі Әл-Фараби идеясын жан-жақты таратуға бүгінде әлемнің 12 елінде ашылған әл-Фараби орталықтары қосылды. Бұл орталықтар жанынан ҚазҰУ филиалдарын ашу жұмыстары қолға алынды. ҚазҰУ-дің алғашқы филиалын Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталығынан ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Стамбулдағы, Делидегі және басқа қалалардағы әл-Фараби орталықтарынан да филиал ашу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Мұнымен қатар, АҚШ-та, Ресейде, Грецияда, Румынияда, Албанияда, Малайзияда, Өзбекстанда, Түркменстанда, Балтық жағалауы елдерінде де жаңадан әл-Фараби орталықтарын ашу жұмыстары жалғастырылуда.

Әл-Фарабидің негізгі идеяларын жан-жақты тарату ұлтымыздың қайта өрлеуіне негіз болып қана қоймай, сонымен бірге, адамзат өркениеті дамуын қамтамасыз ететін зор рухани күш болмақ. Бұл – жаңа әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қатысы бар жаңа дүниетаным қалыптастыруға қосылған қазақстандық үлес деп санаймыз.

Осыған орай, ұлы ойшыл әл-Фарабидің: «Қайырымды қоғам – бұл - шынайы бақыт және оған жетудің жолдары туралы нақты білігі мен білімі бар әрі сол білігі мен біліміне сай әрекет ететін адамдар қауымдастығы» - деген ұлағаты адамзат дамуы үшін бағдаршам болатынына сеніміміз зор.

Қадірлі Қырымбек Елеуұлы!

Баяндамамды қорыта келе, Сізді әлемде тұңғыш рет жарық көріп отырған әл-Фараби энциклопедиясының тұсаукесеріне қатысуға және әйгілі фарабитанушы, профессор Әбсаттар Дербісәлімен бірге салтанатты түрде лентасын қиюға шақыруға рұқсат етіңіз.

www.kaznu.kz