Чикагодағы Иллинойс университетіндегі тағылымдама

14.10.2020

Көрулер: 2570

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің маңызды бағыттарының бірі халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы. Оның белсенді дамуының арқасында оқытушылар, докторанттар мен магистранттар Чикагодағы Иллинойс университеті сияқты әлемнің беделді жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, құнды білім мен тәжірибе жинақтауда. 

Еліміздің жетекші университетінде академиялық ұтқырлықтың серпінді және сапалы дамуы туралы жыл сайын шетелдік білім және ғылым мекемелеріне 2000-нан астам ҚазҰУ-дың білім алушылары тіл үйрену және ғылыми тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Университет ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріне шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың шақыруы бойынша халықаралық конференцияларға, кездесулерге қатысу үшін ЖОО-ның 600-ден астам ОПҚ мен әкімшілік қызметкерлерінің шетелдік іссапарларын ұйымдастырады.  

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының докторанты Туленди Нуркенов (ғылыми жетекшісі - Шалахметова Тамара Минажевна - б.ғ. д., профессор) гранттық бағдарламалар конкурсына қатысып, биомедициналық және медициналық зерттеулер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын АҚШ-тың Чикагодағы Иллинойс университетінде (University of Illinois at Chicago) бір жылдық тағылымдамадан өтуге тамаша мүмкіндік алды.

Тағылымдама доктор J. Lee жетекшілігімен елдің ең ірі және жетекші медициналық мектептерінің бірі болып табылатын инженерия және медицина колледжінің құрамына кіретін, жасушалық, ұлпалық, нейрондық инженерия, биоинформатика, биомедициналық визуализация, биомеханика және биомолекулалық инженерия саласында дәстүрлі түрде мықты болып табылатын биоинженерия департаментінің зертханасында өтті.  

Жетекші университеттердің бірінде тағылымдамадан өту докторанттың ғылыми ой-өрісін едәуір кеңейтуге, бірқатар жаңа зерттеу әдістемелері мен дағдыларын игеруге мүмкіндік берді, белгілі ғалымдардың басшылығымен және ұжымда әртүрлі зерттеу объектілері мен дизайны бар заманауи жабдықтарда жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ жалпы таным мен ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, теориялық, практикалық дағдыларды игеруге және жақсартуға мол мүмкіндік алып, ал тілдік ортада сол тілде сөйлеушілермен және әр түрлі елдердің зерттеушілерімен қарым-қатынас жасау тілдік дағдыларды жақсартуға да өз септігін тигізді.

www.kaznu.kz