«Үздік мамандық иесі» байқауы

08.12.2019

Көрулер: 3339

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметкерлері арасында «Үздік мамандық иесі» байқауы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған әл-Фараби ҚазҰУ-дың үздік қызметкерлерін анықтау мақсатында сегізінші рет өткізілді. Байқау ҚазҰУ-дың «Парасат» жұмысшылар кәсіподағы мен университеттің бөлімшелер басшыларымен бірлесе ұйымдастырылды.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде келесі критерийлер ескерілді:

* университеттегі еңбек өтілі;

* кәсіби міндеттерді мінсіз орындау;

* университеттің қоғамдық өміріне қатысу;

* факультеттің қоғамдық өміріне араласу;

* белсенді кәсіподақ қызметі,

* «Парасат» кәсіподағы және бөлімшелердің кәсіподақ бюросы өткізетін іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;

2019 жылы «Үздік мамандық иесі» байқауының келесі жеңімпаздары анықталды:

Биология және биотехнология факультеті бойынша – жетекші маман Ирина Олеговна Казимир;

география және табиғатты пайдалану факультеті бойынша – зертхана меңгерушісі Алтынай Әділбекқызы Байжанова;

журналистика факультеті бойынша – жетекші маман Гүлжайна Ардагерқызы Саяқбаева;

шығыстану факультеті бойынша – жетекші маман Назира Ауғанбековна Турусбекова;

халықаралық қатынастар факультеті бойынша – жетекші маман Зайда Сұлтанқызы Күзембаева;

заң факультеті бойынша – жетекші маман Қарлығаш Абдраимовна Бахманова;

тарих, археология және этнология факультеті бойынша – жетекші маман Айшолпан Бұлтекқызы Аязбаева;

филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті бойынша – жетекші маман Ардақ Тұрсынбекқызы Кәкімова;

механика-математика факультеті бойынша – жетекші маман Жаңылкүл Қияшқызы Тұрарова;

физика-техникалық факультет бойынша – жетекші маман Сәуле Әсетқызы Өмірзақова;

Ақпараттық технологиялар факультеті бойынша – жетекші маман Жанар Халилаевна Спабекова;

химия және химиялық технология факультеті бойынша – жетекші маман Гульшара Оразовна Омарова;

экономика және бизнес жоғары мектебі бойынша – жетекші маман Қарлығаш Мурзалиевна Пилипенко;

философия және саясаттану факультеті бойынша – жетекші маман Надира Болатқызы Жимахан;

медицина факультеті бойынша –Денсаулық сақтау ұйымының жоғары мектебі бойынша – жетекші маман Ляззат Бахтияровна Айманова;

жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті бойынша – жетекші маман Әлия Бейбітқызы Габдикаримова;

Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент – жетекші маман Айгүл Жолдубайқызы Карканова;

Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институты – жетекші маман Светлана Маувленовна Турекулова;

Тәрбие жұмысы департаменті – жетекші маман Әсия Әділханқызы Далибаева;

Ахуалдық әрекет ету орталығы – жетекші маман Зухра Аманбайқызы Айтбаева;

Әл-Фараби ғылыми кітапханасы – жетекші маман Фарида Сатыбалдықызы Аубакирова;

Өндірістік және мәдени-тұрмыстық мәселелер жөніндегі Департаменті – қойма меңгерушісі Анна Васильевна Гойколова;

диспетчер-механик Арнұр Бақдауғодұлы Бекқұлов;

жетекші маман-менеджер Қайрат Серікгүл.