ЭБЖМ факультетінің түлектер күні

01.06.2020

Көрулер: 3263

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Түлектер қауымдастығы кеңесінің жыл сайынғы дәстүрлі отырысын 30 мамырында онлайн режимінде өткізді. Алыс және жақын шетелдерден келген серіктес жо­ғары оқу орындарының өкілдері, ЭжБЖМ оқытушылары мен студенттері Zoom платформасында  қауышып, Түлектер күніне белсенді қатысты. Түлектер қауымдастығы Кеңесінің мүшелерінің, ЭжБЖМ деканы э.ғ.д. доцент Римма Қалымбекқызы Сағиева және «Менеджмент» кафедрасының профессоры Жатканбаев Ержан Байғожаұлының құттықтау сөздерінен кейін қонақтар мен түлектер дәстүрлі түрде «Gaudeamus» студенттердің Халықаралық гимнін шырқады.

 Видеосюжеттегі құттықтау сөзімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры академик Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Түлектер Қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Әбдіразақұлы Мәми сөз сөйледі. Құттықтау сөздерден кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жетістіктері туралы «Университет - болашаққа ұмтылу» атты видеосюжет ұсынылды.

Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер Қауымдастығының «Тәлімгерлік: барлығы үшін мүмкіндіктер» жобасы аясында ЭжБЖМ деканы Р.Қ. Сағиеваның факультет жетістіктерімен таныстыру презентациясымен жалғасты. ЭжБЖМ-нің Түлектер Қауымдастығы Кеңесі кәсіби қоғамдастықтың дамуы үшін тәлімгерлік құндылықтарын арттыруға және экономист -түлектердің бірегей тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға күш салады.

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің 1960 жылғы түлегі Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев құттықтау сөз сөйледі. 1985 жылғы түлек Мирманов Айбек пен Экономика және бизнес жоғары мектебінің Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Мұқаев Дәулет, сондай-ақ барлық белсенділік танытқан түлектер онлайн форматқа қосылды. Олар өздерінің студенттік жылдардағы естеліктерімен бөлісті, сонымен қатар студенттермен Экономика және бизнес жоғары мектебі мен кафедралары ұйымдастыратын іс-шаралар аясында ғана емес, сондай-ақ бейресми жұмыстар мен жеке кездесулер деңгейінде жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.

Мерейтойлық жыл түлектерінің сөз сөйлеуінен кейін ЭжБЖМ-нің студенттері музыкалық құттықтау жасады. Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің отырысын ЭжБЖМ-нің деканы дәстүрге сай қорытындылады және іс-шара «Армандастар» әнін шырқаумен аяқталды. Сонымен қатар іс-шараға «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген юбилейный түлектер қатысып, сөз сөйледі. 1957-1962 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқыған, қазіргі уақытта Еуразия экономика және басқару академиясының президенті Айтқали Шоқалиұлы Нұрсейіт қатысып, өз тілегін білдірді. Қатысушы-түлектер университеттің жобаларын қолдау мақсатында студенттерге стипендиялар тағайындап, 4 студентке табыстады. Қазақстаннан тыс жерде жұмыс істейтін түлектер ҚазҰУ-нің танылған дипломының арқасында олардың сәтті екендіктерін атап өтті.

Жыл сайын кафедрада ҚР ҰҒА академигі Я.А. Аубакиров атындағы шәкіртақысы түлектер мен үздік мұғалімдер атынан үздік студенттерге табысталады. Биыл Я.А.Аубакиров атындағы стипендия «Экономика» мамандығының 3 курс студенті Е.А. Амалбек К. пен 1 курс студенті Турганов Т. берілді. Амалбек К. осы стипендияны үшінші рет ала отырып, кафедра профессоры Аубакирова Ж.Я. дарынды студенттерді материалдық қолдағаны үшін өз алғысын білдірді.

Модератор шетелдік серіктестерден - Канзас университетінің әріптестері - профессор Мохамед аль-Ходери мен Падова университетінің профессоры Дэвид Челеттің құттықтауларын айтты.

Келесі құттықтауларын, кафедрамыздың мерейтойлық түлектері, «Бизнес технологиялар» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы, 2005-жылғы түлек Н.А.Товма, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сатып алу депаотаментінің маманы, 2015-жылғы магистратура түлегі Б.А. Базарбаев, 2015-жылғы бакалавр түлектері «Самат шоу техник» ЖШС-нің маркетологы Ж.А.Абдилхакова, «Қазақ Холдинг» компаниясының маркетологы Т. Мураткалиұлы кездесуге қатысушыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Менеджмент» кафедрасының түлектері тәжірибе алмасу, өндірістік тәжірибе өткізу бойынша білім алушылармен қарым-қатынас орнату бойынша ұсыныстар айтты. Тасжарғанов С. И. (2010 ж.) менторлық сабақ өткізу туралы идеяны ұсынды.

Одан әрі «Менеджмент» кафедрасының студенттерінің "Қоштасу вальсі" әнімен музыкалық сәлемдесуі әсіресе кездесуге қатысушылардың әуен ырғағымен және ән мәтінінің терең сөздерімен таң қалдырды. Бұдан кейін басқа қатысушылар да өз әсерлерімен бөлісті.

Кездесу соңында қорытынды жасалды: байланыстарды дамыту, Түлектер қауымдастығының «Тәлімгерлік: әркім үшін мүмкіндіктер» жобасын қолдау, түлектер базасын кеңейту, қонақтық дәрістерін, мастер-класстарды қалыптастыру, студенттерге түрлі беделді конкурстардың қатысуына ықпал ету, нетворкинг дамыту және т.б.

Жыл сайынғы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтетін Түлектер күні - бұл әдемі және қуатты дәстүрдің сыйы ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жетекші университетінің ғылыми және шығармашылық интеллигенциясы ұрпақтарының арасындағы байланысты нығайтатын және университеттің үздік құндылықтарын таратуға ықпал ететін шара болды.

 

Видеоларға сілтемелер: https://youtu.be/1tGtqG_vvbA