ҚазҰУ-да докторлық диссертациялар онлайн қорғалды

29.05.2020

Көрулер: 437

Коронавирустың таралу қаупін алдын алу шаралары аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да онлайн форматта докторлық диссертациялар екінші рет қорғалды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің диссертациялық кеңесінде 27-28 мамыр аралығында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін М.С. Бектурганованың «Приоритеты и экономические механизмы перехода к низкоуглеродному развитию нефтегазового сектора Казахстана» тақырыбында «экономика» мамандығы бойынша және А.К. Кожахметованың «Evaluation of high-tech project success in the Republic of Kazakhstan based on international standards of project management» тақырыбында «жобаларды басқару» мамандығы бойынша докторлық диссертацияларын қорғау мәжілісі онлайн форматта өтті.

Жұмыстар «менеджмент» кафедрасында және «Ғылым ордасы» ҚР БҒМ ҒК экономика институтымен бірлесе «экономика» кафедрасында дайындалған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ жанындағы диссертациялық кеңес шетелдік ғалымдардың қатысуымен «экономика», «әлемдік экономика», «инновациялық менеджмент», «логистика», «жобаларды басқару», «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтар тобы бойынша жұмыс жасайды.