Араб тілі онлайн

28.05.2020

Көрулер: 400

ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Сауд Арабиясының Аль-Жуф университетімен бірлесе отырып, шетелдіктерге арналған заманауи технологияларды қолдану арқылы араб тілін үйрену бойынша халықаралық онлайн семинар өткізді.

Әл-Жуф университетінің профессоры, белгілі тіл маманы Махмуд Абдул Хафиз Халафалла семинарға қатысушыларға араб тілінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы, оның таралуы, ерекшеліктері мен диалектілері, басқа тілдерге әсері, сондай-ақ әлемдік кеңістіктегі рөлі туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол араб тілін жақсы меңгеру және оны жетілдіру үшін тәжірибелік кеңес берді. Спикер оқытуда заманауи технологияларды қолдану қажеттігін атап өтіп, электронды оқулықтар мен құралдарды пайдалану тәжірибесін ұсынды. Ол Educational Computer, E-Learning, Mobile Learning түрлі түрлерін қолдана отырып араб тілін меңгеруде жақсы нәтиже беретінін атап өтті.

ҚазҰУ-дың Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасымен ұйымдастырылған онлайн-семинарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары, Л. Гумилев атындағы ЕНУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және елдің басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

www.kaznu.kz