Қазақстан World of Journalism Study-де

22.05.2020

Көрулер: 3320

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Worlds of Journalism Study Association (WJSA) жаһандық зерттеулерінің қатысушысы болды. Бұл академиялық жоба әлемдегі журналистика жағдайын зерттеуге бағытталған.

Людвиг-Максимилиана (Германия) Мюнхен университеті үйлестіретін жобаның негізгі мақсаты – журналистердің кәсіби көзқарастарында болып жатқан өзгерістерді және олардың дүниетанымын, қоғамдағы қызметтерінің өзгеруін, жұмыс жағдайларын зерттеу. WJSА-ның серіктестері қатарында халықаралық ұйымдар мен журналистердің кәсіби бірлестіктері – ЮНЕСКО, Халықаралық журналистер федерациясы, «Шекарасыз репортерлер», Еуропалық журналистер даярлау қауымдастығы және тағы басқа ұйымдар.

Алғашқы пилоттық зерттеу 2007-2011 жылдары аралығында жүргізілген, жобаға 67 елдің зерттеушісі қатысып, 27 мыңнан астам журналист сауалнамадан өтті. Содан бері зерттеулер ауқымы айтарлықтай кеңейді. Қазір World of Journalism Study журналистердің өз міндеттеріне қатысты ойларын, қоғам мен үкіметке деген көзқарасын, сондай-ақ еңбегінің сипаты мен мәнін зерделеудің алдыңғы қатарлы талдауын ұсынады. Биыл бастау алған үшінші зерттеуге 110 ел, оның ішінде ҚазҰУ ғалымдары ұсынған Қазақстан да қатысады. Бұл еліміздің халықаралық медиалық кеңістікке кіруіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2,5 мыңнан астам журналисті қамту болжамымен респонденттердің деректер базасы құрылуда. Сондай-ақ, халықтың медиалық артықшылық ерекшелігін, цифрлық технологиялардың дамуы және тұтыну деңгейіне қатысты зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, журналистердің Covid-19 таралуына қарсы күреске қатысуы мен пандемия жағдайында еліміздің БАҚ қызметінің тәжірибесін жинақтап қорыту жоспарлануда.

www.kaznu.kz