Психологтар жүлделі орынға ие болды

08.05.2020

Көрулер: 3353

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы мен студенті халықаралық жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алды.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Зухра Садвакасова кәсіби психологтар арасында «Lightning talk» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді. Байқауда ол 128 әдісті қамтитын «конфликтологиялық сауаттылықтың сандықшасын» ұсынды. Жоба арнайы медиаторлар мен қақтығыстарды шешетін мамандарға арналған. Халықаралық сарапшылар ҚазҰУ оқытушысының жоғары кәсіби деңгейі мен шеберлігін, жобаның психологтар мен мамандар үшін қақтығыстарды шешудегі өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын, сонымен қатар қолдану кезіндегі әмбебаптығын атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Жана Карабалина («Психология» мамандығы бойынша екінші жоғары білім) Сербияда өткен «Science Slam» халықаралық байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Байқау студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға, ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға қатысуға бағытталған.

Ж.Карабалина философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында екінші жоғары білім алуда. Кафедра доценті З.М. Садвакасованың ғылыми жетекшілігімен ол «Аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында жоба ұсынып, құзырлы қазылар алқасы оны жоғары бағалады. Айта кетерлік жайт, бұған дейін автор бұл жобаны «Фараби әлемі» студенттер және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында ұсынып, бірінші орынды иеленген.

www.kaznu.kz