ГЕНЕРАЛМЕН БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ!

29.04.2020

Көрулер: 2924

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы ҚР Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, генерал-майор Владимир Петрович Бондаренкомен онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға кафедра студенттері, оқу взвод командирлері және оқытушылар қатысты.

Генерал Бондаренко В.П. тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуына тікелей қатысқан. Ұзақ уақыт бойы ол Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары және кеңесшісі, сондай-ақ тәрбие жұмысы бойынша бірқатар ерен офицерлер тобының тәлімгері болды.

Бейнеконференция барысында еңбек сіңірген ардагер қазақстандық армияның қалыптасуы, командирлердің тәрбие жұмысының ерекшеліктері және оқу-жаттығу дайындықтарын сәтті ұйымдастыру туралы әңгімеледі. Онлайн-сұхбат кезінде студенттер қонаққа сұрақтар қойды. Олар Әуе қорғанысы күштеріндегі әскери қызметтің ерекшеліктері, офицерлердің бойында болуы керек қасиеттермен қатар жетістікке жетулеріне мүмкіндік беретін өмірлік нұсқауларға қызығушылық танытты. Владимир Петрович курсанттарға өзінің жауыргерлік еңбегі, әскердегі тәрбие жұмысының маңыздылығы және келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің тарихи маңызы туралы айтып берді.

Бейнеконференция сәтті, эмоционалды және мазмұнды өтіп, әскери кафедраның студенттері үшін батылдықтың нағыз сабағына айналды.

www.kaznu.kz