Жазушымен онлайн кездесу

21.04.2020

Көрулер: 2948

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер бойында бағалы рухани және құндылықтық бағдарларды қалыптастыру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «100 кітап» жобасын табысты жүзеге асыруда. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін университет танымал жазушы, ақындармен шығармашылық кездесу өткізу бойынша жақсы дәстүр қалыптастырды.

ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірге «100 кітап» жобасы аясында Еуразия Жазушылар одағының төрағасы, Еуропа ғылым, өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Гази университетінің оқытушысы, жазушы Якуп Өмероғлумен онлайн кездесу өткізеді.

«Халықаралық әдеби байланыстар және мәдени дипломатия» тақырыбындағы онлайн шараға Институт қызметкерлері мен ҚазҰУ оқытушылары, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысады. Онлайн байланыс барысында қазіргі заманғы мәдени кеңістіктегі әлем және қазақ әдебиетінің дамуы мен басты бағыт-бағдарлары, сондай-ақ, шығармашылық интеграция, студенттердің кітап оқуға қызығушылығын ояту мәселелері талқыланады.

Онлайн шара 22 сәуірде, сағат 15.00-де басталады, қатысуға ниет білдірушілер https://us04web.zoom.us/j/73367128489 электронды почтаға өтінім жіберуі қажет.

www.kaznu.kz