«Фараби әлемі» конференциясы онлайн режимде өтті

11.04.2020

Көрулер: 2939

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінде жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» конференциясы алғаш рет онлайн режимде өтті.

6-9 сәуір аралығында өткен конференция аясында «Математика», «Тұтас орта механикасы», «Теориялық және қолданбалы механика» және «Ғарыштық техника және технологиялар», «Есептеу математикасы және математикалық моделдеу» секциялары жұмыс істеп, барлығы 100-ден аса баяндамалар тыңдалды. Жас ғалымдардың баяндамалары қазіргі таңда өзекті болып табылатын қайта жаңаратын энергия көздері, робототехникалық жүйелер, ғарыш аппараттарын және оның құраушыларын жобалау, математика және математикалық моделдеу тақырыптарын қамтыды.

Үздік баяндама жасаған студенттер дипломдар және арнайы грамоталармен марапатталды.

 

www.kaznu.kz