Курсанттар онлайн режимде

16.04.2020

Көрулер: 3586

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында тыңдаушыларды қашықтықтан оқыту процесі сәтті өтуде. Қашықтықтан оқыту дәрістерін өткізудің мерзімділігін, сапа мониторингі мен бақылауды әскери кафедра басшысы, запастағы полковник О.В. Ажимовтың жетекшілігімен арнайы құрылған жедел топ жүзеге асыруда.

Кафедрада дәрістер, кеңестер мен семинарлар қатаң түрде кесте бойынша онлайн режимде жүргізілуде. Әрбір курсант осы процеске тартылған. Бұл тапсырманың орындалу барысын бақылау үшін тыңдаушылармен күн сайын байланысқа шығатын оқу взводтарының кураторлары қадағалайды. Олар сондай-ақ тыңдаушылардың денсаулығы мен моральдық-психологиялық жағдайына назар аударады.

Бүгінгі күні оңтайлы көңіл-күй мен қолайлы психологиялық жағдайды қолдау қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, әскери кафедраның басшылығы мен кәсіподақ комитеті өз қызметкерлерінің денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне да қамқорлық жасауда. Кәсіподақ комитеті интерактивті режимде әртүрлі конкурстар мен сауалнамалар ұйымдастыруда. Әскери кинофильмдер мен отан тарихына арналған байқау көпшіліктің көңілінен шықты. Запастағы полковник А.А. Елмұхамбетовтың «Позитивтік өлең» атты бастамасы интернет-флэшмобы ретінде іске қосылғалы, оны әскери кафедраның көптеген оқытушылары мен курсанттары қолдап, жобаға белсенді түрде атсалысты.

Жақсы көңіл-күй мен онлайн форматтағы белсенді жұмыс әскери кафедра қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы күрестің қиын кезеңінде олардың алдыға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға көмектесуде.

www.kaznu.kz