Кәсіби бағдар беру жұмысы

16.01.2020

Көрулер: 3028

Жуырда шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы, PHD А.Е. Белялова Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. «Білім-Инновация» лицейлері – шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қою арқылы оқушылары халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын, төрт тілде (қазақ, орыс, түрік және ағылшын) білім беретін Қазақстандағы «KATEV» қоғамдық қорының басқаруындағы мектептер желісі.

Кездесу мақсаты – студенттерге кәсіптік бағыт-бағдар беріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, атап айтқанда, шығыстану факультетінде білім алудың артықшылықтарын түсіндіру болды. Ph.D Белялова А.Е. Қиыр Шығыс кафедрасының қызметі жайлы дәріс оқып, кафедра студенттерінің өмірінен қысқаша бейнефильм көрсетіп, болашақ талапкерлерге факультет туралы толық ақпараты бар брошюралар ұсынды. Әңгіме барысында мектеп оқушыларының қызығушылығын тудыратын маңызды аспектілерге, яғни оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде, оқытушы-профессорлар құрамы, құжаттарды қабылдау және тапсыру ережелері, факультет түлектерінің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіншіліктері, университетте алған білімдерінің қолдану аясына және т.б. назар аударылды.

11 сынып оқушылары үшін бірінші жартыжылдық – бұл мамандық таңдауда ерекше маңызды кезең. Қазіргі уақытта кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары мектеп мұғалімдері мен кәсіптік оқу орындарын біріктіре отырып, жоғары қарқынмен жүргізілуі қажет. Өз таңдауын дұрыс жасаған және белгілі бір салада ынта-жігермен білім алатын оқушылар Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуына кепілдік беретін мемлекет пен қоғам үшін маңызды стратегиялық ресурс.

www.kaznu.kz