Алға нық қадам

19.11.2019

Көрулер: 3036

Алматыда алғаш рет «ИЫҰ-15 Диалогтық платформа» атты брейнсторминг өтті. Онда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) қатысушы елдердің өкілдері ғылым және инновациялық интеграция мәселелерін, сонымен қатар мұсылман елдеріндегі ғылым, техника және инновациялардың дамуына кедергі келтіретін проблемалардың шешу жолдары талқыға салынды. Халықаралық шара еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Шараға ИЫҰ мүше-елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері: ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Министрлер комитеті (COMSTECH), ислам елдері үшін статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер және кадрлар даярлау орталығы (SESRIC), Ислам Даму Банкі (IDB), Ислам Ынтымақтастық Қоры (ISF), ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі институты, ИСЕСКО және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар ИЫҰ-ға мүше елдер үшін өзекті ғылыми және инновациялық қызмет мәселелерін талқыға салып, жүйелі проблемаларды анықтай келе, ИЫҰ-15 мүше елдердің ғылыми қоғамдастығының өкілдерімен бірлесіп ұсыныстар мен шешімдер әзірледі.

Қазіргі заманғы әлем климаттың өзгеруі, қоршаған орта жағдайының нашарлауы, індет, ауру, таза ауыз суға қол жетіспеушілік, азық-түліктің жетіспеушілігі және үздіксіз өңірлік қақтығыстар сияқты бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Осыған орай дипломатиялық және техникалық деңгейде халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге бағытталған күш-жігер мен ресурстарды жандандыру қажет. Кеңес барысында ғылыми-техникалық аспектілері бар мәселелер бойынша пікір алмасу және ұстанымдарды келісу үшін платформаны пайдалану әдістеріне баса назар аударылды.

ИЫҰ және ҚР СІМ Бас хатшылығы ғылыми-инновациялық әлеует пен өзара тиімді әріптестікті ескере отырып, ҚазҰУ-ды «ИЫҰ-15 Диалогтық платформасының» бірінші сессиясын ұйымдастырушы деп таңдауы бекер емес.

«Жаңа идеяларды, өнертабыстарды және біздің алдымызда тұрған көптеген жаһандық мәселелерді шешу, ғылыми-инновациялық қызметті дамыту орталығы адами капиталды қалыптастыру сияқты университеттер болуы тиіс. БҰҰ – ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Тұрақты даму бойынша Жаһандық Хабын қатарынан үш рет басқарған ҚазҰУ жаңа буын «Университет 4.0.» атты қазақстандық ЖОО-ның жаңа даму үлгісін әзірледі. Әл-Фарабидің «Әл-Мәдина әл-фадила» мейірімді қоғамы туралы идеясына негізделе отырып, бұл модель «al-Farabi University Smart City» тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылады, сондай-ақ жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделеді».

Дөңгелек үстелге қатысушыларға ҚазҰУ-дың ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктері туралы айтқан университет ректоры бірқатар ұсыныстарды, атап айтсақ: ғылым мен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін ғалымдарға әл-Фараби халықаралық сыйлығын тағайындау; Дамаск қаласындағы әл-Фараби білім беру орталығында шетелдік студенттерді оқыту үшін ИЫҰ елдерінің білім беру гранттарын тағайындау туралы мәселені қарау; Ислам әлемі елдерінің даналық кеңесін құруды қарауды ұсынды.

Ғалым Мұтанов өз сөзін аяқтай келе, «ИЫҰ-15 құру бастамасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың жеке қамқорлығында және мұсылман үмметінің жаңа даму дәуіріне қарсы тағы бір сенімді қадам болмақ, ал оның рөлін қазіргі заманның жаңа міндеттерін шешу үшін мұсылман мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестіруге болады», - деп атап өтті.

www.kaznu.kz