Бизнес идеялар конкурсының жеңімпаздары!

01.11.2019

Көрулер: 2294

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының FLYUP Group стартап компаниясының командасы «SMART TABLE» жобасымен студенттер арасындағы бизнес идеялар байқауына қатысып екінші орынға ие болды.

Аталған байқауға механика кафедрасының оқытушысы Берік Сағитжановтың жетекшілігімен механика кафедрасының роботехникалық жүйелер мамандығының 2 - курс студенті Сейдахмет Қазбек пен ғарыштық техника және технологиялар мамандығының 1 – курс студенті Жұмағазы Әділдәулет ақылды үстел жобасын ұсынды

Жобаның идеясы - заманауи технологиялармен жабдықталған, қажетті бағдарламамен қамтамасыз етілген, күн сəулесін электр көзіне айналдырып коммуналдық шығынды үнемдеуге мүмкіндік беретін ақылды үстел жасау.

Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭБУ) ұйымдастыруымен «Erasmus Day» аясында өткен бұл байқауға 14 команда қатысты. Соның ішінде біздің команда жеңімпаз атанып, сертификаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетерлігі, қазан айының 10-12 аралығында бүкіл әлемде #Erasmus Days 2019 хэштегімен әлемдік ауқымдағы іс-шараны қолдауға арналған «Erasmus Day» өткен болатын.

Механика кафедрасы

www.kaznu.kz