Әдістемелік семинар

05.11.2019

Көрулер: 2354

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Алматы қаласындағы корей тілі оқытушыларына арналған «Topik емтихандарын тапсыруға студенттерді дайындау әдістері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Корея Республикасының корей тілін зерттеу жөніндегі Ұлттық институты мен Корея Республикасының Кукмин университеті арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында Қиыр Шығыс кафедрасында Алматы қаласындағы корей тілі оқытушыларына арналған Кукмин университетінің (Корея Республикасы) шақырылған профессоры Ё Юн Хидің қатысуымен «Topik емтихандарын тапсыруға студенттерді дайындау әдістері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарға Қиыр Шығыс кафедрасының, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Korean Study тіл орталығының және Алматы қаласындағы корей мектептерінің 20 оқытушысы қатысты. Аталған семинардың басты мақсаты корей тілі бойынша деңгейлік білімді анықтаудың мемлекеттік емтиханын тапсыруға студенттерді дайындау болып табылады. Семинар барысында профессор Ё Юн Хи мемлекеттік емтиханның құрылымы, тақырыптық өзгерістер және эссе жазудың жаңа талаптары сынды мәселелерге нақты тоқталды. Студенттердің эссе жазуға дайындық кезеңі мен емтихандардағы шектеулі қателіктердің нұсқалары мен оларға жол бермеу тәсілдері қарастырылды. Кәсіби тұрғыдан жоғары әрі тиянақты құрастырылған материалдар мен буклеттер эссе жазу бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстарына көмегін тигізетін көмекші құрал ретінде қызмет ететін болады. Семинарға қатысушылардың өзекті әрі мазмұнды дәрісі үшін профессор Ё Юн Хиге айтар алғысы зор. Аталған іс-шара Корея Республикасының Корей тілін зерттеу жөніндегі ұлттық институтымен және Кукмин университетімен орнатылған ынтымақтастық нәтижесінде өткізілді.

www.kaznu.kz