Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын өткізу талқыланды

01.11.2019

Көрулер: 3640

Қазақстан Республикасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен университеттің бірлескен іс-қимылдарын талқылау мақсатында ҚазҰУ-ға келді.

Жұмыс сапары барысында Елші ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановпен кездесті. Онда Қайрат Лама Шариф университет өкілдерін шет елдердегі әл-Фараби мерейтойына арналған ҚР СІМ-нің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарымен таныстырды. Кездесу барысында әл-Фараби жылын өткізу және ұлы ойшылдың 1150 жылдығына арналған іс-шаралар туралы ҚР шет елдердегі елшіліктерімен ақпарат алмасу жөніндегі бірлескен жұмыс туралы келісімге қол жеткізілді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ұлы ойшылдың атын абыроймен алып жүрген университет әлемдік өркениет ұлы ойшылдарының бірі ретінде әл-Фараби образын және оның өзекті идеяларын алға жылжыту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. ҚазҰУ-да құрылған әл-Фараби орталығы ұлы философтың идеялары мен олардың жаһандану дәуіріндегі маңыздылығын алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми мектептермен ынтымақтастықта белсенді түрде кешенді зерттеуде. Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай ҚазҰУ Голландия және Түркия медиакомпанияларымен бірлесіп ғалым туралы деректі фильмдер циклін құрды. Әл-Фараби бейнесін жоғары ғылыми-технологиялық ортада танымал ету мақсатында ҚазҰУ бірінші қазақстандық «Аль-Фараби-1» наноспутнигін Үндістан ғарыш айлағынан және екінші «Аль-Фараби-2» наноспутнигін АҚШ-тағы (Калифорния) ғарыш айлағынан ұшырды. «Silicon Valley» үлгісі бойынша «әл-Фарабидің ғылыми-технологиялық алқабын» құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның өзегін 130-дан астам жоғары оқу орындарын біріктіретін Жібек жолы университеттері Альянсының халықаралық IT-технопаркі құрайды.

ҚазҰУ әл-Фарабидың қайырымды қоғам туралы идеясына сүйене отырып «Университет 4.0» жаңа буын университетінің моделін әзірлеп енгізді. Ол «al-Farabi University Smart City» тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылып, жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделген. «Университет 4.0» моделі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб-пәтерінде таныстырылып, халықаралық деңгейде кеңінен тарату үшін ұсынылды. Бұл моделді іске асыру мақсатында, ҚазҰУ БҰҰ-ның Өркениеттер Алянсымен бірлесе отырып «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» халықаралық жобасын жүзеге асыруда. «Университет 4.0» моделі аясында әлемнің 12 жетекші жоғары оқу орындарында әл-Фараби халықаралық орталықтарының желісі құрылып, Ыстамбұл мен Делиде әл-Фарабидің мұражай-үйлері ашылды. Сонымен бірге ҚазҰУ мерейтойлық жылы БАӘ, Болгария, Жапония, Литва және басқа елдерде әл-Фараби ғылыми-білім беру орталықтарын, ал Мысырда университеттің филиалын ашуды жоспарлап отыр.

www.kaznu.kz