Enago өкілдерімен семинар өтті

31.10.2019

Көрулер: 2912

Әлемдік рейтингтік жарияланымдарда профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің жарияланым белсенділігін арттыру мақсатында ағылшын тіліндегі академиялық хат деңгейін арттырда ғылым және инновациялық қызмет департаментінің ұйымдастыруымен Enago компаниясының өкілімен семинар өткізілді.

Семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен әлемдік ғылыми-зерттеу қоғамдастығы үшін ағылшын тілінде ғылыми жұмыстарды редакциялау бойынша қызметтерді жетекші жеткізуші – Enago компаниясы арасында жасалған келісім аясында өтті.

Әлемнің ең ірі аударма және редакторлық компанияларының бірімен ынтымақтастық ҚазҰУ ғалымдарына рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда өз жұмыстарын жариялау мүмкіндігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Семинар барысында ҚазҰУ қызметкерлері үш қолдау деңгейін ұсынатын Enago компаниясының академиялық аударма, баспа дайындығы және ғылыми-техникалық редакциялау сынды қызметтерімен танысты. Enago компаниясының әр түрлі пәндік салалардағы мамандар тобы ҚазҰУ-дың авторларына осы жұмыстарды жоғары рейтингті журналдарда қабылдау және жариялау үшін қажетті ең қатаң стандарттарға сәйкес жұмыстарды дайындауға көмектеседі. Осылайша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Scopus және Web of Science халықаралық деректер қорында индекстелген журналдарда оқытушы-профессорлық құрам мен студенттердің академиялық жазу деңгейін және жариялау белсенділігін арттыру саясатын жүзеге асыруды жалғастыруда.

www.kaznu.kz